Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Баянаульского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Баянаульского района
- Атауы (қаз.)
- Баянауыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 229/10
- Қабылданған күні
- 04.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2022 173078_598025.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22PE030232
- ЭКБ идентификаторы
- 173078
- Редакция идентификаторы
- 173078_598025
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:37
0 Баянауыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Баянауыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Баянауыл ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
4 қазандағы № 229/10
қаулысына қосымша
Баянауыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Нақты орналасу
орны
Алатын
алаңы, шаршы
метр
Сауда қызметін жүзеге
асыру кезеңі,
жыл
Қызмет саласы
Жақын орналасқан
инфрақұрылым
(ұқсас
тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілері)
1
Баянауыл ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, «Арзан» дүкеніне қарама-қарсы
200
5
Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату
«Арзан» дүкені
2
Баянауыл ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, «Нурбол» сауда үйіне қарама-қарсы
100
5
Азық-түлік емес өнімдерін сату
«INMART» сауда орталығы, «Нурбол» сауда үйі
3
Баянауыл ауылы, Ю.Гагарин көшесі, «Айдабол» дүкеніне қарама-қарсы
50
5
Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату
«Айдабол» дүкені
4
Баянауыл ауылы, Әміре Айтпакин көшесі,
«Тукенов Б.» жеке кәсіпкерінің жол бойындағы сервисінің сол жағы
20
5
Азық-түлік өнімдерін сату
жоқ
5
Майқайың кенті, Астана көшесі, «Даурен» дүкеніне
қарама-қарсы
100
5
Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату
«INMART» сауда орталығы, «Даурен» дүкені
6
Майқайың кенті, Астана көшесі, «Кенесары» дүкенінің сол жағы
20
5
Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату
«Кенесары» дүкені
7
Майқайың кенті, Бәйтерек көшесі, № 3 үйге
қарама-қарсы
20
5
Азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін сату
«Тульмур» дүкені