Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов
- Атауы (қаз.)
- Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 265
- Қабылданған күні
- 19.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 19.10.2022 173156_597845.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22TB030286
- ЭКБ идентификаторы
- 173156
- Редакция идентификаторы
- 173156_597845
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:22
0 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Жылыой аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
5 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Жылыой ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 19 қазандағы № 265
қаулысына 1-қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Құлсары қаласы
Махамбет даңғылы № 37 «Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кең Жылыой» Жылыой аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
Махамбет даңғылы № 136 құрылыс «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
А.Қорғанбаев көшесі № 50 ғимарат «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№ 15 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
Ж.Аймауытов көшесі № 29 ғимарат «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№ 13 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
Қ.Ахмет Яссауи көшесі № 47 құрылыс Теміржол вокзалы ғимаратының алдында
Атырау ықшам ауданындағы «Зере» дүкені ғимаратының алдында
Тайманов көшесі № 167 құрылыс «Беркад» базары ғимаратының алдында
«Береке» ықшам ауданы Тәуекел хан көшесі № 1 құрылыс «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «Аққайын-2» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында
М.Кенғанов көшесі № 15 құрылыс «Лидер» супермаркеті ғимаратының алдында
К.Закарияұлы көшесі «Мариям» дүкені ғимаратының алдында
С.Шакирова көшесі № 8 құрылыс «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№8 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
Ж.Нұрмұхан көшесі № 3 құрылыс «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№ 21 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
2
Жаңа Қаратон кенті
Б.Ержанов көшесі № 642 құрылыс «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
Б.Рзиев көшесі № 883 құрылыс «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№ 23 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
3
Жем ауылдық округі Тұрғызба ауылы
Бөкен би көшесі № 409 ғимарат «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№ 4 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
4
Косшағыл ауылдық округі Косшағыл ауылы
Жайық көшесі № 93 ғимарат «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
5
Қара Арна ауылдық округі Шоқпартоғай ауылы
Т.Дешенов көшесі № 378 ғимарат «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
6
Ақкиізтоғай ауылдық округі Ақкиізтоғай ауылы
С.Аронұлы көшесі № 210 құрылыс «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№ 10 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
7
Майкөмген ауылдық округі Майкөмген ауылы
А.Керейұлы көшесі № 56 құрылыс «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
6 Жылыой ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Жылыой ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 19 қазандағы № 265
қаулысына 2-қосымша
Жылыой ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1) Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 43 «Қазақстан Республикасы Президенттігіне және аудандық Мәслихат депутаттығына № 10 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін Жылыой ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-2-152 болып тіркелген);
2
2) Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 341 «Жылыой ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-2-161 болып тіркелген);
3
3) Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 366 «Жылыой ауданы бойынша қала, поселке және селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2754 болып тіркелген);
4
4) Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 412 «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2979 болып тіркелген);
5
5) Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 137 «Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Жылыой ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3134 болып тіркелген).