Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 197
- Қабылданған күні
- 17.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2022 173190_598133.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22M0030320
- ЭКБ идентификаторы
- 173190
- Редакция идентификаторы
- 173190_598133
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:23
0 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының
мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 болып тіркелген) және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 15 шілдедегі № 01-02/105 хаттамасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 17 қазандағы
№ 197
қаулысына қосымша
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
№
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының атауы
Өлшем бірлігі
Мөлшері
Мерзімі
1.
Картоп
1 килограмм
261,5 теңге
30 күн
2.
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
1 килограмм
1201 теңге
60 күн