Құжат мәтініне өту

Об определении организаций для проведения оценки и анализа относительно использования и распределения поступающих доходов и средств от размещения «зеленых», социальных облигаций, облигаций устойчивого развития и облигаций, связанных с устойчивым развитием, и их соответствия целям, заявленным рамочной программой по выпуску облигаций и (или) условиями выпуска облигаций (верификация)

Қаулы · № 76 · қабылданған 20.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-173196/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении организаций для проведения оценки и анализа относительно использования и распределения поступающих доходов и средств от размещения «зеленых», социальных облигаций, облигаций устойчивого развития и облигаций, связанных с устойчивым развитием, и их соответствия целям, заявленным рамочной программой по выпуску облигаций и (или) условиями выпуска облигаций (верификация) Қолданыста Қаулы ·№ 76 ·20.10.2022
20.10.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении организаций для проведения оценки и анализа относительно использования и распределения поступающих доходов и средств от размещения «зеленых», социальных облигаций, облигаций устойчивого развития и облигаций, связанных с устойчивым развитием, и их соответствия целям, заявленным рамочной программой по выпуску облигаций и (или) условиями выпуска облигаций (верификация)

Қолданыста Қаулы ·№ 76 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении организаций для проведения оценки и анализа относительно использования и распределения поступающих доходов и средств от размещения «зеленых», социальных облигаций, облигаций устойчивого развития и облигаций, связанных с устойчивым развитием, и их соответствия целям, заявленным рамочной программой по выпуску облигаций и (или) условиями выпуска облигаций (верификация)
Атауы (қаз.)
«Жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамумен байланысты облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін ұйымдарды айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76
Қабылданған күні
20.10.2022
Көрсетілген редакция
20.10.2022 173196_770171.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030322
ЭКБ идентификаторы
173196
Редакция идентификаторы
173196_770171
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:21

0

«Жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамумен байланысты облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін ұйымдарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамумен байланысты облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін келесі ұйымдар айқындалсын:

1 1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган аккредиттеген сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сондай-ақ мәртебесі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аккредиттеуімен расталатын сәйкестікті растау жөніндегі шетелдік органдар;

2 2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лицензиясы бар табиғат қорғауды жобалау мен нормалау, экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы ұйымдар (экологиялық аудиторлар);

3 3) «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» акционерлік қоғамы жүргізетін энергия-аудиторлық сараптамаларды талдау нәтижелері бойынша ескертулері жоқ энергия-аудиторлық ұйымдар;

4 4) жасыл қаржыландыру саласындағы қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығы Комитетінің лицензиясы бар консалтингтік компаниялар;

5

5) жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салуға, сондай-ақ бұрыннан барларын өзгертуге (қайта салуға, кеңейтуге, техникалық қайта жабдықтауға, қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыруға сараптама ұйымы ретінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті аккредиттеген мемлекеттік сараптама ұйымдары немесе мемлекеттік емес сараптама ұйымдары;

6

6) «жасыл» технологиялардың сервистік операторы – «жасыл» технологиялар мен жобалардың тізілімін жүргізу, «жасыл» технологияларды коммерцияландыру және технологиялық бизнес-инкубациялау, «жасыл» қаржыландыруды, оның ішінде «жасыл» жобаларды іске асыру үшін инвестициялар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу, «жасыл экономика» мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық, құқықтық, әдіснамалық, консультациялық және сараптамалық-талдамалық қолдауды жүзеге асыру, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бойынша халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша кешенді қызметтер көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;

7 7) мақұлданған халықаралық верификатор ретінде климаттық облигациялар жөніндегі бастамасын (Climate Bonds Initiative) аккредиттеу туралы куәлігі бар халықаралық қаржы ұйымдары, халықаралық және ұлттық аудиторлық және консалтингтік ұйымдар;

8 8) халықаралық капитал нарығы қауымдастығының (ICMA) Жасыл және әлеуметтік облигацияларының қағидаттарына сәйкес тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымдары, халықаралық және ұлттық аудиторлық ұйымдар, консалтингтік ұйымдар;

9

9) жасыл және әлеуметтік облигациялар немесе орнықты даму жобаларын қаржыландыру мақсатында Халықаралық капитал нарығы қауымдастығы (ICMA) шығаратын өзге де облигациялар қағидаттарына да және Кредит нарығы қауымдастықтарының жасыл кредиттеу қағидаттарына (Green Loan Principles (Грин Лоун Принсипэлз), Loan Market Association (Лоун Маркет Эссоушиэйшн), Asia Pacific Loan Market Association (Эйжиа Пэсифик Лоун Маркет Эссоушиэйшн) және Loan Syndications & Trading Association (Лоун Синдикэйшнс энд Трейдинг Эссоушиэйшн)) сәйкес әзірленген, бекітілген саясаттарына сәйкес тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымдары, консалтингтік ұйымдар.

2 2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі

Қолданыстағы