О вопросах охраны здоровья детей и подростков
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О вопросах охраны здоровья детей и подростков
- Атауы (қаз.)
- Балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын сақтау мәселелерi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 218/9
- Қабылданған күні
- 01.10.2003
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2009 AI17323_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03P0002079
- ЭКБ идентификаторы
- 17323
- Редакция идентификаторы
- AI17323_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:55
0 Балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын сақтау мәселелерi туралы
Балалар мен жасөспiрiмдердiң дене бiтiмi мен психикалық денсаулығын сақтау және қорғау, компьютерлiк клубтардың, интернет - кафелердiң жұмыс тәртiбiн реттеу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын сақтау жөнiндегi жұмыстың күшеюiн қамтамасыз етсiн;
қалалар мен аудандарда аула және жасөспiрiмдер клубтарының желiсiн, балалар шығармашылығы орталықтарын көбейту жөнiнде шаралар қабылдасын.
2 2. Облыс IIБ (келiсiм бойынша) заңнамамен белгiленген тәртiпте:
өз балаларын тиiстi түрде тәрбиелемейтiн ата-аналарды;
кәмелетке толмағандарға темекi бұйымдарын және алкогольдi iшiмдiктердi өткiзетiн кәсiпкерлердi әкiмшiлiк жазаға тарту жөнiндегi жұмыстың жандануын қамтамасыз етсiн.
3 3. Облыс мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi:
компьютерлiк клубтар мен интернет-кафелер иелерiнiң кәмелетке толмағандарға компьютермен жұмыс жасау кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген санитарлық ережелер мен нормаларды бұлжытпай орындауларын қамтамасыз етсiн;
көрсетiлген санитарлық ережелер мен нормаларды бұзғандары үшiн кiнәлi тұлғаларды заңнамамен белгiленген тәртiпте жауапкершiлiкке тартсын;
балалар, жасөспiрiмдер мен олардың ата-аналары арасында санитарлық-ағарту жұмысының тұрақты жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
4 4. Облыс бiлiм, туризм және спорт департаменттерi:
кәмелетке толмағандарды спорттық клубтар мен секцияларға бұдан әрi қатыстыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
облыс мектептерiн танымдық, дамыту сипатындағы, балалар мен жасөспiрiмдердiң мiнез-құлқында агрессияны, қатыгездiктi тудырмайтын компьютерлiк бағдарламалармен қамтамасыз етуге қол жеткiзсiн.