Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан

Бұйрық · № 75 · қабылданған 26.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-173290/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 75 ·26.10.2022
26.10.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 75 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
75
Қабылданған күні
26.10.2022
Көрсетілген редакция
26.10.2022 173290_599533.kaz
Соңғы өзгеріс
26.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030339
ЭКБ идентификаторы
173290
Редакция идентификаторы
173290_599533
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:17

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылуға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 26 қазандағы
№ 75 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылуға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

1 1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 401 бұйрығы.

2

2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субьектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 401 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 163 бұйрығы.

3

3. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 401 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 204 бұйрығы.

4 4. «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 59 бұйрығы.

5 5. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 46 бұйрығы.

Қолданыстағы