Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об обеспечении безопасности при использовании сжиженного газа в быту

Өзге акт · № 141 · қабылданған 22.09.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1733/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об обеспечении безопасности при использовании сжиженного газа в быту Күшін жойған 22.09.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об обеспечении безопасности при использовании сжиженного газа в быту

Күшін жойған Өзге акт № 141 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об обеспечении безопасности при использовании сжиженного газа в быту
Атауы (қаз.)
Тұрмыста сұйық газды пайдалану қауіпсіздігін сақтау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
141
Қабылданған күні
22.09.1998
Көрсетілген редакция
22.09.1998 1733_242336.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98C000055_
ЭКБ идентификаторы
1733
Редакция идентификаторы
1733_242336
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:32
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Тұрмыста сұйық газды пайдалану қауіпсіздігін сақтау туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 24.03.2006 № 07-4/670 хаты.
Тұрмыста сұйық газды пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жүргізілуіне қарамастан, пайдалану ұйымдары бақылау органдарымен бірлесе отырып, көпқатарлы үйлердің пәтерлерінде газ баллондарын қолдануды тоғармай келеді.
Мұнын өзі құрылыс нормалары мен "Газбен жабдықтау" 2.04.08-87 Тәртібін өрескел бұзған болып саналады.
Бірсыпыра аудандарда Мәртөк, Қаргалы және де басқа Ақтөбе облысы аумағында газ баллон қондырғыларын пайдаланған кезде техникалық қауіпсіздігі үшін және тигізер зардабына жауап бермейтін тәуелді мемлекеттер достық елдерінен тиісті құжаттарсыз сұйық газ баллондарын әкелуге жол беріліп келеді.
Облыс шаруашылығында газды ішкі үй құрылысында пайдалану жабдықтары меншік түрінің өзгеруіне, олардың бірнеше кооперативке және басқа меншік түріне болуына байланысты қожайынсыз қалды, бұрынғы колхоз бен совхоздардағы газ шаруашылықтарының бірыңғай қызметтері тарап кеткен.
Сұйық газды пайдалануға байланысты тұрмыс пен өндірістегі аварияға жол бермеу және алдын-алу, қауіпсіздік жұмыстарының деңгейін арттыру мақсатында, облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТI:

1. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға /С. В. Крутько/ көпқатарлы үйлерде газ баллондарын пайдалану фактісін ашу жөнінде комиссия құру тапсырылсын.

2. Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасы /М. Ш. Өтегенов/ Ақтөбе облысы Ішкі істер басқармасы /Ж. М. Тасыбаев/ Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы" № 2200 1995 жылғы 17 мамырдағы Жарлығына сәйкес тәптіштелген, осы іс жөнінде мемлекеттік лицензиясы жоқ Ақтобе аумағына басқа елден келген сүйық газды енгізу ұсынылсын.

3. Облыстық төтенше жағдай жөніндегі бсқармасына /С. В. Крутько/ "Ақтөбе газ толтыру стансасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестікке /О. В. Мусиев/ жаппай ақпарат құралдары арқылы үнемі газды тұрмыста пайдалану мәселесі бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.

4. Сұйық газды пайдаланатын аудандардың әкімдеріне бұрынғы газ шаруашылық қызметтерді елді мекендерде қайта тірілту ұсынылсын.

5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына /С. В. Крутько/ жүктелсін.