О присвоении наименований безымянным улицам в селах Мортык и Коктерек Уалихановского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований безымянным улицам в селах Мортык и Коктерек Уалихановского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мортық және Көктерек ауылдарында атауы жоқ көшелерге атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20
- Қабылданған күні
- 28.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2022 173368_598983.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22SMI30382
- ЭКБ идентификаторы
- 173368
- Редакция идентификаторы
- 173368_598983
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:15
0 Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мортық және Көктерек ауылдарында атауы жоқ көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысының негізінде және Мортық, Көктерек ауылдары халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округінің Мортық ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көшесіне Ыбырай Алтынсарин көшесі;
№ 2 атауы жоқ көшесіне Бірлік көшесі;
№ 3 атауы жоқ көшесіне Абылай хан көшесі;
№ 4 атауы жоқ көшесіне Абай көшесі;
№ 5 атауы жоқ көшесіне Бауыржан Момышұлы көшесі;
№ 6 атауы жоқ көшесіне Мортық көшесі.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округінің Көктерек ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көшесіне Ақбидай көшесі;
№ 2 атауы жоқ көшесіне Құлагер көшесі;
№ 3 атауы жоқ көшесіне Болашақ көшесі;
№ 4 атауы жоқ көшесіне Бейбітшілік көшесі;
№ 5 атауы жоқ көшесіне Атамекен көшесі;
№ 6 атауы жоқ көшесіне Тұмар көшесі;
№ 7 атауы жоқ көшесіне Достық көшесі;
№ 8 атауы жоқ көшесіне Жастар көшесі;
№ 9 атауы жоқ көшесіне Шоқан Уәлиханов көшесі.