Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил формирования и ведения реестра статических адресов сетей передачи данных

Бұйрық · № 400/НҚ · қабылданған 28.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-173394/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении правил формирования и ведения реестра статических адресов сетей передачи данных Қолданыста Бұйрық ·№ 400/НҚ ·28.10.2022
28.10.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил формирования и ведения реестра статических адресов сетей передачи данных

Қолданыста Бұйрық ·№ 400/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил формирования и ведения реестра статических адресов сетей передачи данных
Атауы (қаз.)
Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
400/НҚ
Қабылданған күні
28.10.2022
Көрсетілген редакция
28.10.2022 173394_604702.kaz
Соңғы өзгеріс
28.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030392
ЭКБ идентификаторы
173394
Редакция идентификаторы
173394_604702
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:15

0 Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

0 Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2022 жылғы 28 қазандағы
№ 400/НҚ Бұйрықпен
бекітілген
Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының
тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1-тармағының 18-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2

2. Осы Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісінде жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасы байланыс операторларының халықаралық және (немесе) қалааралық арналары арқылы өтетін деректерді беру желісінің екі немесе одан астам нүктелерін қосуды жүзеге асыратын деректерді беру желілеріне таратылады.

3

3. Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімі Заңның 41-1-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздерде байланыс желілерінің жұмысы уақытша тоқтатылған кезде, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларын пайдалана отырып, заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыруының үздіксіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігін белгілеу мақсатында, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммункациялар желісінде жұмыс істейтін деректер беру желілерінің түрлері мен санаттарын айқындау үшін қалыптастырылады және жүргізіледі.

4 4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады:

1

1) деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – деректерді беру желілерінің жария статикалық мекенжайлары, олардың түрлері мен санаттары, сондай-ақ олардың иеленушілері туралы мәліметтердің белгіленген нысандағы тізбесін қамтитын электрондық ақпараттық ресурс;

2

2) деректерді беру желісінің статикалық мекенжайын иеленуші (бұдан әрі – ДБЖСМ иеленушісі) – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісінде жұмыс істейтін деректерді беру желісінің статикалық мекенжайын пайдалана отырып, өзінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;

3 3) мемлекеттік техникалық қызмет (бұдан әрі – «МТҚ» АҚ) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;

4 4) RIPE NCC ұйымы – Интернет желісінде деректерді беру желілерінің мекенжайларын бөлуді, тіркеуді орындайтын халықаралық ұйым.

2 2-тарау. Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру қағидалары

5 5. Тізілімді қалыптастыру деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайлары, олардың түрлері мен санаттары, сондай-ақ олардың иеленушілері туралы мәліметтер (бұдан әрі – ДБЖСМ туралы мәліметтер) жинауды және өзектілендіруді қамтиды.

6

6. ДБЖСМ иеленушілері Заңның 41-1-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздемелер бойынша байланыс желілері уақытша тоқтатылған жағдайларда өзінің деректерді беру желілері пайдаланылатын қызметін жүзеге асыру үздіксіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігін белгілеу мақсатында ДБЖСМ туралы мәліметтерді (қосымша) «МТҚ» АҚ интернет-ресурсындағы Тізілімге енгізеді және уақытылы өзектілендіреді.

7 7. ДБЖСМ туралы мәліметтерді «МТҚ» АҚ-ның интернет-ресурсындағы Тізілімге енгізу немесе өзектілендіру кезінде оларды нысанды-логикалық бақылау жүзеге асырылады және нәтижесі оң болған кезде олар Тізілімге енгізіледі.

8 8. Тізілімге енгізілетін немесе өзектілендірілетін деректерді беру желісінің мекенжайлары туралы деректер келесі негізгі өлшемшарттарға сәйкес болу керек:

1

1) деректерді беру желісін қосу нүктелерінің біреуі Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген статикалық мекенжайға немесе бір кіші желінің нақты мекенжайлар диапазонына ие және деректерді беру желісінің статикалық мекенжайының ДБЖСМ иеленушісіне немесе ол деректерді беру желісінің статикалық мекенжайын жалға беру қызметін алатын байланыс операторына тиесілігінің құжаттамалық растауы, атап айтқанда - RIPE NCC ұйымының дерекқорында тиісті жазба бар;

2 2) деректерді беру желісінің трафигі Қазақстан Республикасы байланыс операторларының халықаралық және (немесе) қалааралық арналары арқылы өтеді;

3 3) деректерді беру желісін ұйымдастру қағидаты Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы емес.

Деректерді беру желілерінің мекенжайлары осы тармақта белгіленген өлшемшарттарға сәйкес болмаған жағдайда, олар Тізілімге енгізуге жатпайды.

9

9. ДБЖСМ иеленушісі ДБЖСМ туралы мәліметтер Тізілімге енгізілгеннен кейін, дәйекті, дұрыс және толық деректер беру туралы электрондық келісімге қол қояды және олар тиісінше енгізілмеген кезде, Заңның 41-1-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздерде байланыс желілерін уақытша тоқтату кезінде деректерді беру желілерін пайдаланатын оның қызметін жүзеге асырудың үздіксіздігі қамтамасыз етілмейді.

3 3-тарау. Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізу қағидалары

10

10. ДБЖСМ иеленушісінің қызметті жүзеге асыру үздіксіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігін белгілегені Тізілім негізінде айқындалады және Заңның 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерін көрсетуді, Интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қолжетімділікті уақытша тоқтату үшін негіздеме болған әрбір нақты жағдайға байланысты болады.

11 11. ДБЖСМ иеленушісі Тізілімге енгізілген ДБЖСМ туралы мәліметтердің шынайылығын, дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз етеді. Олар өзгерген жағдайда, ДБЖСМ иеленушісі оларды «МТҚ» АҚ интернет-ресурсындағы Тізілімге қайта енгізу жолымен ДБЖСМ туралы мәліметтерді өзектілендіреді.

12

12. Тізілімдегі бір ДБЖСМ иеленушісіне тиесілі ДБЖСМ туралы мәліметтердің барлық жазбаларының жарамдылық мерзімі соңғы жазба енгізілген немесе өзектілендірілген күнінен бастап 1 (бір) жылды құрайды. Тізілімдегі ДБЖСМ туралы мәліметтердің жарамдылық мерзімі аяқталған кезде, тиісті жазбалар Тізілімнен автоматты түрде жойылады. ДБЖСМ иеленушісі Тізілімдегі ДБЖСМ туралы мәліметтердің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын электрондық поштаға тіркелу кезінде көрсетілген автоматты хабарламаны алады.

13 13. Тізілімдегі ДБЖСМ туралы мәліметтердің жарамдылық мерзімін ұзарту үшін ДБЖСМ иеленушісі олардың жарамдылық мерзімі аяқталған күннен кешіктірмей Тізілімге бұрын енгізілген ДБЖСМ туралы мәліметтерді растауды жүзеге асырады.

14 14. Деректерді беру желісінің статикалық мекенжайын пайдалану тоқтатылған кезде, ДБЖСМ иеленушісі Тізілімдегі ДБЖСМ туралы тиісті мәліметтерді дербес жояды.

1 ДБЖСМ иеленушісі «МТҚ» АҚ интернет-ресурсындағы Тізілімге енгізетін ДБЖСМ туралы мәліметтер

Деректерді беру желілерінің
статикалық мекенжайларының
тізілімін қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
қосымша
ДБЖСМ иеленушісі «МТҚ» АҚ интернет-ресурсындағы Тізілімге енгізетін ДБЖСМ туралы мәліметтер
р/с №
Ата­уы
Мін­дет­ті өріс бо­лып та­бы­ла ма
Си­патта­ма­сы
1.
IP-ме­кен­жайы
иә
Заң­ның 41-1-ба­бы­ның 1-2-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген негіз­де­ме­лер бой­ын­ша бай­ла­ныс же­лі­ле­рі уа­қыт­ша тоқ­та­ты­л­ған жағ­дай­лар­да оған қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үз­дік­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету мүм­кін­ді­гін бел­гі­леу қа­жет сер­ви­стің ДБЖ­СМ.
2.
Екін­ші нүк­те­нің IP-ме­кен­жайы
жоқ
Екін­ші нүк­те­нің ДБЖ­СМ-сі же­лі­нің көр­се­ті­л­ген сег­мен­т­ін­де екі нүк­те­нің қо­сы­лу ор­ны­ның жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету қа­жет болған жа­дай­да көр­се­ті­ле­ді.
Егер екін­ші нүк­те­нің ДБЖ­СМ-сі көр­се­тіл­ме­се, бұл осы кесте­нің 1-тар­ма­ғы­ның ДБЖ­СМ-не же­лі­нің көр­се­ті­л­ген сег­мен­т­ін­де­гі кез кел­ген ме­кен­жай­ы­нан қол­же­тім­ді­лік­ті қам­та­ма­сыз ету та­лап еті­ле­ті­нін біл­ді­ре­ді.
3.
Сер­ви­стің мақ­са­ты
иә
Сер­вис мақ­са­ты­ның си­патта­ма­сы.
4.
Сер­ви­стің си­патта­ма­сы
иә
Сер­ви­стің қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру үз­дік­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету қа­жет­ті­лі­гі се­бе­бі­нің си­патта­ма­сы.
5.
Бай­ла­ныс опе­ра­то­ры
иә
Осы кесте­нің 1-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген ДБЖ­СМ оның же­лі­ле­рін­де жұ­мыс іс­тей­тін бай­ла­ныс опе­ра­то­ры.
6.
Же­лі сег­мен­ті
иә
Шең­бе­рін­де сер­ви­стің қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру үз­дік­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету қа­жет же­лі сег­мен­ті. «Ин­тер­нет же­лі­сі­нің қа­зақ­стан­дық сег­мен­ті» және «Жа­һандық Ин­тер­нет же­лі­сі» – екі нұс­қа­дан таң­да­ла­тын бо­ла­ды.
7.
Ес­керт­пе
жоқ
Ес­керт­пе­лер неме­се ДБЖ­СМ ту­ра­лы қо­сым­ша мә­лі­мет­тер.

Қолданыстағы