Об утверждении типовых квалификационных характеристик должностей руководителей организации в сфере регулирования торговой деятельности Күшін жойған
Басқа 0
Сауда қызметін реттеу саласындағы ұйымның басшылары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған сауда қызметін реттеу саласындағы ұйымның басшылары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Басқа 0. Сауда қызметін реттеу саласындағы ұйымның басшылары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 3 қарашадағы
№ 421-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Сауда қызметін реттеу саласындағы ұйымның басшылары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
Тарау 8. 1–тарау. Жалпы ережелер
1–тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сауда қызметін реттеу саласындағы ұйымның басшылары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі - біліктілік сипаттамалары) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Еңбек кодексі) 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және кадрларды дұрыс іріктеуді, пайдалануды, орналастыруды, олардың біліктілік сипаттамаларын айқындауды қамтамасыз етуге, сауда қызметі ұйымның басшысы мен оның орынбасарлары арасындағы еңбектің тиімді бөлінуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің кеңесшісі, бухгалтері және мамандарының біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында айқындалған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеген кезде нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда тиісті лауазымға тән жұмыстардың тізбесін нақтылауға жол беріледі және жұмыскерлерді қажетті арнайы дайындауға талаптар белгіленеді.
Тарау 12. 2–тарау. Сауда қызметін реттеу саласындағы ұйымның басшылары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
2–тарау. Сауда қызметін реттеу саласындағы ұйымның басшылары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
Тармақ 1. 1-параграф. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі
1-параграф. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі
Тармақ 4
4. Лауазымдық міндеттері:
Сауда өкілдігінің жұмысына тікелей басшылық етеді;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, болу мемлекетінің жергілікті жағдайлары мен дәстүрлеріне сәйкес Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің жұмыс уақыты мен демалу уақытының режимін анықтайды;
Сауда өкілі орынбасарларының, Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
Сауда өкілдігінің атынан заңдық әрекеттер жасайды;
кадрмен қамтамасыз ету, қаржылық, бухгалтерлік қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-шаруашылық қызмет мәселелеріне қатысты барлық құжаттарға, сонымен қатар арнайы байланыс арналары бойынша мемлекеттік органдарға жолданатын құжаттарға қол қояды;
өзі болмаған кезеңге өз өкілеттіліктерін орынбасарларының біреуіне жүктеу туралы бұйрықтар шығарады;
Сауда өкілдігіне және Сауда өкілдігінің бөлімшесіне қызметкерлерді жұмысқа қабылдау үшін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірінші басшысына ұсыныс енгізеді;
«Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысымен белгіленген штат санының лимиті шегінде Сауда өкілдігінің құрылымы мен штаттық кестесін уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасының және болу мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады;
өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен келіседі және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігіне атқарылған жұмыс туралы есеп береді..
Тармақ 5
5. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
еңбек қатынастарын, сыртқы және ішкі сауданы, инвестицияларды, зияткерлік меншікті қорғауды, салық және кедендік қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы мен жергілікті елдің нормативтік-құқықтық актілерін;
Қазақстан Республикасы мен жергілікті елдің екі жақты қатынастарын дамытудың негіздері, қағидалары мен бағыттарын білуі тиіс.
Тармақ 6
6. Біліктілік талаптары:
әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық (құқықтану, халықаралық құқық), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы.
Тармақ 2. 2-параграф. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілінің орынбасары
2-параграф. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілінің орынбасары
Тармақ 7
7. Лауазымдық міндеттері:
Сауда өкілі болмаған кезеңде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Аппарат басшысының бұйрығы негізінде Сауда өкілдігінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Сауда өкілдігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауаптылықта болады;
Сауда өкілдігі атынан заңдық іс-қимылдар жасайды;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра отырып, Қазақстан Республикасының және жергілікті мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады.
Тармақ 8
8. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
еңбек қатынастарын, сыртқы және ішкі сауданы, инвестицияларды, зияткерлік меншікті қорғауды, салық және кедендік қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы мен жергілікті елдің нормативтік-құқықтық актілерін;
Қазақстан Республикасы мен жергілікті елдің екі жақты қатынастарын дамытудың негіздерін, қағидалары мен бағыттарын білуі тиіс.
Тармақ 9
9. Біліктілік талаптары:
әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық (құқықтану, халықаралық құқық), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы.