Об утверждении Правил лицензирования судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан и Правил ведения Государственного реестра судебных экспертов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил лицензирования судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан и Правил ведения Государственного реестра судебных экспертов
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібін және Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1021
- Қабылданған күні
- 08.10.1998
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2010 AI1736_5.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P980001021_
- ЭКБ идентификаторы
- 1736
- Редакция идентификаторы
- AI1736_5
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:31
0 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібін және Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.04 № 514 Қаулысымен
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Заң күші бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 34-құжат), "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 желтоқсандағы N 2720 Заң күші бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1995 ж., N 24, 162-құжат) және "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., 276-құжат) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі бекітілсін.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.18 N 504 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.06.18 N 504 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
0 Қазақстан Республикасындағы
Сот-сараптама қызметін
лицензиялау ТӘРТІБІ
📌 Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.06.18. N 504 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1 Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ТӘРТІБІ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
9 қазандағы
N 1021 қаулысымен
бекітілген
Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ТӘРТІБІ
1 1. Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) қалыптастыру мен пайдаланудың тәртібін белгілейтін осы тәртіп "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді.
2 2. Тізілімге Қазақстан Республикасы сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын, сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия алған адамдар енгізілуге тиіс.
3 3. Тізілім Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар туралы соттар мен анықтау және алдын-ала тергеу органдарының хабардар болуы мақсатында жасалады.
4 4. Соттар мен анықтау және алдын ала тергеу органдары "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда Тізілімге енгізілген мамандарға сот сараптамасы ісін жүргізуді тапсыруы керек.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.05.15. N 578 қаулысымен.
5 5. Тізілім осы Ережеде көзделген талаптарды ескере отырып ресімделген жеке тұлғалардың тізімі болып табылады.
📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.05.15. N 578 қаулысымен.
6 6. Тізілім сот сарапшысы туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
- тегі, аты, әкесінің аты;
- білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы;
- сарапшы мамандығы (мамандықтары) туралы және біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күні;
- сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі мен берілген күні (сот сараптама органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар үшін);
- сот сарапшысының жұмыс орны мен лауазымы;
- сарапшылық мамандығы (мамандықтары) бойынша сот сарапшысының стажы.