О внесении изменений и дополнения в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1068
- Қабылданған күні
- 09.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2022 173602_602024.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2200001068
- ЭКБ идентификаторы
- 173602
- Редакция идентификаторы
- 173602_602024
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:07
0 Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелердің ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 9 қарашадағы
№ 1068 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелердің
ТІЗБЕСІ
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Нұр-Сұлтан» шекаралық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Астана» шекаралық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау.
3 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы емханасы бар орталық әскери госпиталі» республикалық мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің емханасы бар орталық әскери госпиталі» республикалық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау.
____________________
1 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 9 қарашадағы
№ 1068 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ
1 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 66.»;
15-тармақта:
171) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«171) ұлттық қауіпсіздік органдарында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;»;
177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«177) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемдері шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алмас» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын келісу;»;
188) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«188) қызмет бабында пайдалану үшін;»;
мынадай мазмұндағы 313-1) тармақшамен толықтырылсын:
«313-1) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде, (арыздарында, шағымдарында), сұрау салуларында, ұсыныстарында, үнқатуларында және хабарламаларында көтерілген жүйелі проблемаларды талдау, мониторингілеу және айқындау;»;
326) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«326) қызмет бабында пайдалану үшін;»;
351) тармақша алып тасталсын;
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің – аумақтық органдардың тізбесі» деген бөлімде:
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген кіші бөлімде реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.»;
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» деген кіші бөлімде реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Астана» шекаралық бақылау басқармасы.»;
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлімде:
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті» кіші бөлімде реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің емханасы бар орталық әскери госпиталі.».
2 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Желтоқсан көшесі, 48.»;
«Шекара қызметінің қарамағындағы аумақтық бөлiмшелердің тізбесі» деген бөлімінің реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Астана» шекаралық бақылау басқармасы.».
3 3. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 49.».
4 4. Құпия.
5 5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Сыртқы барлау қызметі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.».
6 6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Жанайдар Жирентаев көшесі, 1/1.».
__________________
____________________