Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Теректинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Теректинскому району
- Атауы (қаз.)
- Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 28-1
- Қабылданған күні
- 01.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2022 173631_599859.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22ZL030494
- ЭКБ идентификаторы
- 173631
- Редакция идентификаторы
- 173631_599859
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:14
0 Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Теректі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Теректі аудандық мәслихатының «Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 9 шілдедегі № 12-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4856 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы
Теректі аудандық мәслихаты
2022 жылғы 1 қарашадағы № 28-1
шешіміне қосымша
Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері
Есептік бірлік
Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3
1.
Жайлы және
жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,83 2,02
2.
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,80
3.
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
1 орын
0,62
4.
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
1,11
5.
Емханалар, медициналық орталықтар
1 келіп кету
0,0058
6.
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1,15
7.
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,23
8.
Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
1,17
9.
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
1 отыратын орын
0,37
10.
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,058
11.
Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер
сауда алаңы 1 м2
0,85
12.
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,32
13.
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,36
14.
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,41
15.
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары
1 машина-орын
0,5
16.
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,25
17.
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,34
18.
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,15
19.
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,65
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 - шаршы метр
м3 - текше метр