Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 2530 · қабылданған 08.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-173790/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста Қаулы ·№ 2530 ·08.11.2022
08.11.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қолданыста Қаулы ·№ 2530 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2530
Қабылданған күні
08.11.2022
Көрсетілген редакция
08.11.2022 173790_601133.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NA02530A
ЭКБ идентификаторы
173790
Редакция идентификаторы
173790_601133
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:09

0 Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 1127 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Trans Service Company AST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 453 мекенжайы бойынша орналасқан орта қабатты тұрғын үйлердің құрылысы» объектісіне жылу трассасын жүргізу және пайдалану үшін, Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 453 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0174 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы