Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 273 · қабылданған 08.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-173797/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 273 ·08.11.2022
08.11.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 273 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
273
Қабылданған күні
08.11.2022
Көрсетілген редакция
08.11.2022 173797_600882.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22SL00273A
ЭКБ идентификаторы
173797
Редакция идентификаторы
173797_600882
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:09

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Докучаев ауылдық округі, Докучаев ауылы мекенжайы бойынша орналасқан тарату желілеріне қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 1,1864 га жер учаскесіне мерзімі 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кешіктірмей күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы