Об утверждении Перечня идентичных товаров для отдельных субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня идентичных товаров для отдельных субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния
- Атауы (қаз.)
- Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1152
- Қабылданған күні
- 09.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2022 173805_604704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030566
- ЭКБ идентификаторы
- 173805
- Редакция идентификаторы
- 173805_604704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:07
0 Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесін бекіту туралы
«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
0 Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қаржы министрінің
2022 жылғы 9 қарашадағы
№ 1152 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесі
№
Атауы
1.
Кеңсе жабдықтарына арналған қағаз (А4 форматы, тығыздығы 80 г/м²)
2.
Күнделік (А5 форматы)
Аббревиатураларды таратып жазу:
г/м² – грамм/метр²