Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах

Бұйрық · № 444/НҚ · қабылданған 16.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-173847/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах Қолданыста Бұйрық ·№ 444/НҚ ·16.11.2022
16.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах

Қолданыста Бұйрық ·№ 444/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения затрат по государственным услугам, оказываемым Национальным оператором почты в сельских населенных пунктах
Атауы (қаз.)
Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
444/НҚ
Қабылданған күні
16.11.2022
Көрсетілген редакция
16.11.2022 173847_600850.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030582
ЭКБ идентификаторы
173847
Редакция идентификаторы
173847_600850
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:01

0 Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде

көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

1 Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2022 жылғы 16 қарашадағы
№ 444/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 23-1) тармақшасына сәйкес бекітілді және ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарын өтеу тәртібін айқындайды.

2

2. Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, пошта байланысы бөлімшелеріндегі ұлттық пошта операторы қамтамасыз етеді.

3 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

2 2) Ұлттық пошта операторы – «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелер жүктелген, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;

3

3) шығындар – ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету кезінде ұлттық пошта операторының шығуы немесе активтердің азаюы немесе капиталдың азаюына әкеп соқтыратын міндеттемелердің ұлғаюы түрінде болатын экономикалық пайданың азаюы.

2 2-тарау. Ауылдық елді мекендерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты шығындарды өтеу тәртібі

4 4. Ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ұлттық пошта операторының шығындары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес өтеледі.

5 5. Әкімші жыл сайын ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың құрамы мен мазмұнының жобасын әзірлейді және оларды күнтізбелік жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей, ұлттық пошта операторының атына жолдайды.

6

6. Ұлттық пошта операторы ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың құрамы мен мазмұнының жобасы негізінде жоспарланатын кезеңнің алдындағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, шығындардың болжамды есебін қалыптастырады және растайтын материалдарды қоса бере отырып, әкімшінің атына жолдайды.

7

7. Ауылдық елді мекендерде ұлттық пошта операторы көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін бюджет шығыстарын жоспарлау үшін әкімші қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік өтінімді ұсынады.

8 8. Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты ұлттық пошта операторының мынадай шығындары:

1 1) материалдық шығыстар;

2 2) еңбекке ақы төлеуге, оның ішінде өндірістік персоналға арналған шығыстар;

3 3) сақтандырудың міндетті түрлеріне, салықтарға, алымдарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге арналған шығыстар;

4 4) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдар;

5 5) негізгі құралдар құнының ұлғаюына әкеп соқпайтын жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар;

6 6) ғимараттарды күтіп ұстау бойынша шығыстар және коммуналдық шығыстар;

7 7) ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша сервистік қызмет көрсетуге арналған шығыстар әкімші өтеген кезде ескеріледі.

9 9. Шығындарды өтеу әкімші көздеген қаражат шегінде, тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырылады

Қолданыстағы