О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 914
- Қабылданған күні
- 17.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2022 173856_602229.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000914
- ЭКБ идентификаторы
- 173856
- Редакция идентификаторы
- 173856_602229
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:00
0 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының полиция департаменті «Тұран» ауданының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2 2. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3 3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 114) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«114) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, жолданымдарда, сұрау салуларда, жауаптар мен хабарларда жеке және заңды тұлғалар көтеретін жүйелі проблемаларды уақтылы және толық қарауды, талдауды, мониторингтеуді және анықтауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады;»;
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-1-жолмен толықтырылсын:
«236-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының полиция департаменті «Тұран» ауданының полиция басқармасы.».