О некоторых вопросах товарищества с ограниченной ответственностью «Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах товарищества с ограниченной ответственностью «Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром»
- Атауы (қаз.)
- «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 930
- Қабылданған күні
- 21.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2022 173924_603069.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000930
- ЭКБ идентификаторы
- 173924
- Редакция идентификаторы
- 173924_603069
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:54
0 «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауы «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып өзгертілсін.
2 2. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 (бір жүз) пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Маңғыстау облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 871-7-жолмен толықтырылсын:
«871-7. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Маңғыстау облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 236-11-жол алып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 20-16-жол алып тасталсын.
3
3. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қатысу үлесінің 100 %-ы.».
4 ___________________________
4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.
___________________________