Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации воспитательной, психологической, идеологической работы с личным составом системы органов прокуратуры Республики Казахстан

Бұйрық · № 227 · қабылданған 21.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-173979/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации воспитательной, психологической, идеологической работы с личным составом системы органов прокуратуры Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 227 ·21.11.2022
21.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации воспитательной, психологической, идеологической работы с личным составом системы органов прокуратуры Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 227 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации воспитательной, психологической, идеологической работы с личным составом системы органов прокуратуры Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
227
Қабылданған күні
21.11.2022
Көрсетілген редакция
21.11.2022 173979_601557.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030655
ЭКБ идентификаторы
173979
Редакция идентификаторы
173979_601557
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:53

0 Қазақстан Республикасы прокуратура органдары

жүйесінің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық,
идеологиялық жұмысты ұйымдастыру
қағидаларын бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2022 жылғы 21 қарашадағы
№ 227 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Прокуратура органдарында тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі

2

2. Тәрбиелік жұмыстың негізгі мақсаты жеке құрамның құқықтық ақпараттану, сауаттылық, мәдениет және адамгершілік деңгейін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ қызметкерлердің прокуратура органдарының мақсатын, олардың алдында тұрған міндеттердің жұмыс істеу және орындалу ерекшеліктерін, мемлекеттік саясаттың негіздеріне сәйкес адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға дайындығын түсінуге тәрбиелеу болып табылады.

3 3. Прокуратура органдарындағы тәрбиелік жұмыстың негізгі міндеттері:

1 1) жеке құрамға жоғары рухани мәдениет пен адамгершілікке, мемлекеттік дүниетаным мен әлеуметтік белсенділікке баулу;

2 2) оған мемлекеттік саясаттың негіздерін және қазақстандық қоғамды дамыту мен қайта құру саласында ел басшылығы қабылдайтын шараларды түсіндіру арқылы құқықтық ақпараттандырушылық пен сауаттылық дәрежесін арттыру;

3 3) қызметкерлердің адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға моральдық дайындығын, прокуратура органдарына қатыстылығы үшін мақтаныш пен жауапкершілікті қалыптастыру және қолдау;

4 4) прокурорлық қадағалауды кәсіби сауатты жүргізуді меңгеруге тұрақты ұмтылысты, прокуратура органдарына деген мақтаныш пен адалдықты дамыту болып табылады.

4 4. Мыналар:

1 1) мемлекеттік-құқықтық даярлық;

2 2) жеке құрамды ақпараттандыру;

3 3) бөлімшелер басшылары мен олардың орынбасарларын бағыныштыларымен тәрбиелік жұмыстың нысандары мен әдістеріне оқыту;

4 4) прокуратура органдарының, соғыс және еңбек ардагерлерімен, мемлекеттік қайраткерлермен тақырыптық кездесулер;

5 5) тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу;

6 6) жеке-тәрбиелік жұмыс;

7 7) аудиоматериалдар мен бейнематериалдарды, ақпараттық-анықтамалық материалдарды, жадынамаларды дайындау және шығару тәрбиелік жұмыстың негізгі нысандарына жатады.

5 5. Жеке-тәрбиелік жұмысты барлық деңгейдегі прокуратура органдарының басшылары жүргізеді, ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға, заңдылық пен тәртіпті бұзудың алдын алуға, олардың қызметтік міндеттерін орындағаны үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

6 6. Мәдени-демалыс мекемелері және көрнекі ақпарат құралдары тәрбиелік жұмыстың негізгі құралдары болып табылады:

1 1) мәдениет қайраткерлерінің және шығармашылық бригадалардың өнер көрсетулерін ұйымдастыру;

2 2) спорттық ойындар және мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу;

3 3) мұражайларға экскурсиялар.

Жауапты бөлімшелер (адамдар) қосымша іс-шараларды қарастыра алады.

7 7. Тәрбиелік жұмыстың негізгі әдістері мыналар болып табылады:

1 1) ақпараттандыру;

2 2) сендіру, оқу-ағарту;

3 3) оқыту;

4 4) насихаттау;

5 5) үгіттеу;

6 6) нұсқау беру;

7 7) сынау;

8 8) пікірталас.

8 8. Прокуратура органдарының басшысы немесе прокуратура органдарының уәкілетті басшысы прокуратура органдарының тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесін (адамды) айқындайды.

9 9. Жауапты бөлімшелер (адамдар) жыл сайын 25 желтоқсанға дейін тәрбие жұмысы жөніндегі жоспарды қалыптастырады және оны Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша прокуратура органдарының уәкілетті басшысы бекітеді.

10 10. Жауапты бөлімшелер (адамдар) жоспардың орындалуы туралы есепті қалыптастырады және прокуратура органдарының басшысына немесе прокуратура органдарының уәкілетті басшысына қарауға енгізеді.

3 3-тарау. Прокуратура органдарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібі

11

11. Психологиялық жұмыстың негізгі мақсаты бөлімшелерде қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету, жеке құрамның, оның ішінде әскери және төтенше жағдай, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде жедел-қызметтік міндеттерді орындауға психологиялық әзірлігін қолдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

12 12. Психологиялық қамтамасыз етудің міндеттері мынадай болып табылады:

1 1) қызметкерде кәсіби қызметті табысты және тиімді орындау және жедел-қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті кәсіби маңызды қасиеттерді зерделеу, дамыту және қолдау;

2 2) қызметкердің жеке және тұлғааралық жанжалдарын, проблемаларын шешуге, кәсіби жану профилактикасына, сондай-ақ прокуратура органдарының бөлімшелерінде қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз етуге көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

3

3) ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне және қызметкерлердің қызмет жағдайларына қанағаттану деңгейіне әлеуметтік мониторинг жүргізу, оны оңтайландыру бойынша болжам жасау және ұсынымдар әзірлеу, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету мәселелері бойынша бөлімшелер басшыларына кеңес беру;

4 4) Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушыларын бастапқы кәсіптік даярлықта оқыту және тағылымдамадан өту кезеңінде психологиялық сүйемелдеу;

5 5) қызметкерге психология саласында арнайы танымдарды талап ететін кәсіби және жедел-қызметтік іс-әрекетте психологиялық оқу-ағарту және көмек көрсету.

13 13. Психологиялық қамтамасыз ету қызметінің бағыттары мынадай болып табылады:

1 1) психологиялық диагностика (бұдан әрі – психодиагностика);

2 2) психологиялық кеңес (бұдан әрі – психокеңес);

3 3) психологиялық профилактика (бұдан әрі – психопрофилактика);

4 4) психологиялық түзету (бұдан әрі – психотүзету);

5 5) психология саласында арнайы білімді талап ететін кәсіби және жедел-қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде прокурорға кеңес беру және жәрдемдесу (бұдан әрі - арнайы бағыт).

14 14. Психодиагностика:

1 1) қызметкердің және қызметке үміткердің моральдық, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау үшін жеке-психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін зерделеу, сондай-ақ кәсіби және әлеуметтік мінез-құлқын болжау;

2 2) ұжымдардағы әлеуметтік-психологиялық процестерді зерделеу;

3 3) қызметкердің әлеуметтік-психологиялық бейімделу дәрежесін бағалау, оны жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

4 4) қосымша психологиялық көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды қалыптастыру кезінде қызметкердің жеке-психологиялық ерекшеліктері мен жай-күйін айқындау;

5 5) психокеңес жүргізу мақсаттарында жүргізіледі.

Психодиагностика қызметкердің өзінің сұрау салуы, прокуратура органының басшысының не прокуратура органының уәкілетті басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері ұсынымдық және құпия сипатқа ие.
Қызметкер оның өмірі мен денсаулығы, үшінші тұлғалардың араласуын талап ететін басқа адамдар үшін ықтимал қауіп туралы ақпаратты хабарлаған жағдайларды қоспағанда, ақпараттың құпиялылығына кепілдік беріледі.

15 15. Психотүзету жұмысын психодиагностикалық зерттеулердің қолайсыз нәтижелері анықталған (бұл ретте, бұдан бұрын болған психикалық аурулардың тарихы, мидың органикалық зақымдануы жоқ) жағдайларда жүргізуге жол беріледі.

Психотүзету негізгі бағыттардан тұрады:

1 1) мінез-құлықтың өзгеруі;

2 2) сенімнің өзгеруі;

3 3) тұлғалық қасиеттерінің өзгеруі;

4 4) құндылықтардың өзгеруі;

6 6) жеке қасиеттердің өзгеруі.

16 16. Психокеңес қызметкерге жеке, отбасылық және кәсіби сипаттағы проблемаларды шешуге көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.

Психокеңес беру кезінде психолог кеңес берудің жеке және топтық нысандарын, оның ішінде телефон байланысы мен электрондық поштаны қолдана алады.
Қызметкер психокеңес алу үшін өз бетінше немесе басшылықтың ұсынысы бойынша жүгінеді.
Психокеңес алу оқшаулауды, ыңғайлылықты және қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған кабинетте жүргізіледі.

17 17. Құпия ақпаратты қорғау мақсатында жүргізілген психологиялық жұмыстардың барлық материалдарды (психодиагностика және психокеңес) қызметкерлер цифрлық немесе әріптік шифрды пайдалана отырып құжаттайды.

18 18. Әлеуметтік зерттеулер материалдары (сауалнамалар, сұрақнамалар, иесі бүркемеленген сауалнамалар) зерттеу аяқталғаннан кейін алты ай бойы психологта сақталады, ол акті бойынша жойылады.

19 19. Психопрофилактикалық іс-шаралар ұжымда салауатты психологиялық климатты сақтау үшін жағдайларды ұйымдастыруды, сондай-ақ жеке қызметкерлер мен ұжымдарға қатысты психопрофилактикалық іс-шараларды мерзімді жүргізуді қамтиды.

20 20. Психопрофилактика мынадай жұмыс түрлерінен тұрады:

1 1) тренинг;

2 2) психологиялық оқу-ағарту (дәрістер, семинарлар);

3 3) әдістемелік қамтамасыз ету (әдістемелік ұсынымдар, құралдар, жадынамалар, буклеттер және өзге де үлестірме материалдар әзірлеу);

4 4) қызметкердің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және релаксация сеанстары.

21 21. Тренингті жүргізу кезінде психолог мақсаттарды, топтардың ерекшеліктерін және нақты жағдайды ескере отырып, оңтайлы әдістемелік, практикалық, әлеуметтік-психологиялық әдістер мен тәсілдерді таңдайды.

Тренингтер бағдарламалары стреске төзімділікті арттыруға және психоэмоционалдық шиеленісті төмендетуге, қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттері мен коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға, ұжымдағы ұйымшылдыққа және өзара қарым-қатынасты жақсартуға, тұлғалық дамуға бағытталады.

22 22. Арнайы бағыт прокурордың кәсіптік және жедел-қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыруы кезінде оның арнайы сұрау салуы бойынша мыналар арқылы жәрдемдесуді қамтиды:

1 1) қатысу және ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу, психологиялық портрет жасау;

2 2) келіссөздер жүргізу стратегиясы мен тактикасын тұжырымдауда, сондай-ақ психология саласында арнайы танымдарды (заңдық және қолданбалы) талап ететін өзге де кәсіптік мәселелер бойынша кеңес көмегін көрсету.

23 23. Психологиялық қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ретке келтіру және дұрыс ұйымдастыру үшін психолог Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Психологиялық жұмыстарды есепке алу журналын үнемі жүргізеді.

24 24. Психологиялық қамтамасыз ету бойынша жоспарлауды психолог тоқсан сайын қалыптастырады және оны прокуратура органдарының уәкілетті басшысы бекітеді.

25 25. Психолог психологиялық қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыс туралы есепті Бас прокуратураның кадр қызметіне жылына екі рет есепті айдың 25-күніне дейін Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жібереді.

26 26. Прокуратура органдарындағы психологиялық қамтамасыз ету мәселелеріндегі іс-әрекетті талдау мен үйлестіруді, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді Бас прокуратураның кадр қызметінің психологы жүзеге асырады.

4 4-тарау. Прокуратура органдарында идеологиялық жұмысты ұйымдастыру

27

27. Идеологиялық жұмыстың негізгі мақсаты қызметкерлерде мемлекеттің конституциялық қағидаттары мен ұлттық мүдделеріне адалдықты, патриоттық сананы, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, антқа адалдықты, лауазымдық міндеттерін мінсіз орындауға ұмтылысты қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

28 28. Идеологиялық жұмыстың міндеттері:

1 1) бөлімшелерде жеке құраммен тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттің идеологиясын, ел басшылығының заңдылықты сақтау, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша қабылдайтын шараларын түсіндіру;

2 2) қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін мінсіз орындауына тиімді ықпал ететін мемлекет саясатына адалдығын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

3 3) қызметкерлердің бойында патриоттық сананы, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, антқа адалдықты, лауазымдық міндеттерін мінсіз орындауды нығайту;

4 4) жеке құрамның моральдық-психологиялық орнықтылығын, олардың деструктивті идеологияға иммунитетін дамыту;

5 5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы прокуратура органдарының қызметі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру;

6 6) идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру болып табылады.

29 29. Қызметтік ұжымдарға деструктивті идеялардың енуіне жол бермеу саласындағы идеологиялық жұмыс мынадай:

1 1) діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы идеологиялық жұмысты жоспарлау;

2 2) жеке құрамды теріс ақпараттық әсерден қорғау бойынша шаралар қолдану тәртібінде ұйымдастырылады және жүргізіледі.

30 30. Прокуратура органдарының басшысы немесе прокуратура органдарының уәкілетті басшысы идеологиялық жұмысы ұйымдастыруға прокуратура органдарының жауапты құрылымдық бөлімшесін (адамды) айқындайды.

31 31. Жауапты бөлімшелер (адамдар) жыл сайын 25 желтоқсанға дейін идеологиялық жұмыс жөніндегі жоспарды қалыптастырады және оны Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша прокуратура органдарының уәкілетті басшысы бекітеді.

32 32. Жауапты бөлімшелер (адамдар) жоспардың орындалуы туралы есепті қалыптастырады және прокуратура органдарының басшысына немесе прокуратура органдарының уәкілетті басшысына қарауға енгізеді.

1 Тәрбие жұмысы бойынша жоспар

Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жеке құрамымен
тәрбиелік, психологиялық,
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
Тәрбие жұмысы бойынша жоспар

Жұмыс бағыттары
Жауапты бөлімшелер
Өткізу кезеңділігі
Аяқтау нысаны
1
2
3
4
5

2 Психологиялық жұмыстарды есепке алу журналы

Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жеке құрамымен
тәрбиелік, психологиялық,
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Психологиялық жұмыстарды есепке алу журналы


Күні
Қызметкердің шифрі (код)
Жұмыс түрі
жүргізілген жұмыстың қысқаша мазмұны
ескертпе

3 20____ж. ___________________________ (есептік кезеңді көрсету керек) психологиялық қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп

Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жеке құрамымен
тәрбиелік, психологиялық,
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
20____ж. ___________________________
(есептік кезеңді көрсету керек)
психологиялық қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп

Жұ­мыс ата­уы
Са­ны
1-бө­лім. Пси­хо­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету жұ­мыста­ры­ның нәти­же­ле­рі
1
Пси­хо­ди­а­гно­сти­ка (бар­лы­ғы)
Бас­шы­ның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша
қыз­мет­кер­дің сұ­рау са­луы бой­ын­ша
тың­да­у­шы­мен
БП-ның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша
үміт­кер­лер­мен (олар­дың бар­лы­ғы, пси­хо­лог қан­ша адам­ды қыз­мет­ке ұсын­ба­ған)
2
Пси­хо­ке­ңес (оның ішін­де:)
бас­шы­мен
қыз­мет­кер­мен
тың­да­у­шы­мен
қыз­мет­кер­дің от­ба­сы мү­ше­сі­мен
3
Пси­хо про­фи­лак­ти­ка (бар­лы­ғы)
тре­нинг­тер
дә­рі­стер
ре­лак­са­ция се­ан­ста­ры
әді­сте­ме­лік қам­та­ма­сыз ету
4
Ар­на­у­лы іс-ша­ра­лар
5
Әле­умет­тік зерт­те­улер (бар­лы­ғы)
бас­шы­ның сұ­рау са­луы бой­ын­ша
БП-ның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша
қыз­мет­тік тер­геп-тек­се­ру шең­бе­рін­де
Психологиялық қамтамасыз ету бойынша
атқарылған жұмыс туралы есепке
анықтама
Кіріспе
Психодиагностика
Психоконсультация
Психопрофилактика
Арнайы іс-шаралар
Әлеуметтік зерттеулер
Қорытынды
(Психолог (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

4 Идеологиялық жұмыс бойынша жоспар

Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жеке құрамымен
тәрбиелік, психологиялық,
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
Идеологиялық жұмыс бойынша жоспар

Жұмыс бағыттары
Жауапты бөлімшелер
Өткізу кезеңділігі
Аяқтау нысаны
1
2
3
4
5

Қолданыстағы