Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин области Абай (города, района)»

Ереже · № 10/58-VII · қабылданған 18.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-174115/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин области Абай (города, района)» Қолданыста Ереже ·№ 10/58-VII ·18.11.2022
15.11.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин области Абай (города, района)»

Қолданыста Ереже ·№ 10/58-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин области Абай (города, района)»
Атауы (қаз.)
«Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10/58-VII
Қабылданған күні
18.11.2022
Көрсетілген редакция
15.11.2023 174115_680128.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22F0030658
ЭКБ идентификаторы
174115
Редакция идентификаторы
174115_680128
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:56

0 «Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы»

атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 «Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары

2022 жылғы 18 қарашадағы
№ 10/58-VII шешіміне
қосымша
«Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және «Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру тәртібін реттейді.

2

2. «Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын (бұдан әрі – Атақ) беру өзінің ауқымы бойынша азаматтардың әдеттегі іс-әрекеттерінің жемісті еңбегін, олардың қабілеті мен дарынын және бағалы бастамаларын қоғамның мойындап танығандығын білдіретін аса маңызды моральдық көтермелеу болып табылады. Атақ азаматтардың еңбек және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға, олардың Абай облысын (қаласын, ауданын) экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамытуға бағытталған күш-жігерін ынталандыруға, өскелең жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге және халықтар арасында достықты нығайтуға арналған.

2 2-тарау. Атақ беру тәртібі

3 3. Атақ:

1 1) жоғары мемлекеттік наградалары бар кәсіби міндеттемелерін немесе азаматтық парызын орындауда жеке ерлік көрсеткендерге;

2 2) өзінің еңбек ету кезеңінде облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандарға, еңбекке деген мүлтіксіз және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін;

3 3) облыстың (қаланың, ауданның) экономикалық өсуіне және әлеуметтік дамуына белсенді ықпал еткен инновациялық қызметі мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізгендігі үшін;

4 4) ғылым, әдебиет, өнер салаларына, басқа да шығармашылық қызметіне, мәдениет пен спортты дамытуға, білім, денсаулық сақтау сапасын көтеруге ерекше үлес қосқандарға;

5 5) облыста (қалада, ауданда) тұрып жатқан халықтардың арасында ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достықты, ынтымақтастықты нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін;

6 6) азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін қорғаудағы, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі, Абай облысының (қаланың, ауданның) елдегі беделін көтерудегі белсенді жұмысы үшін азаматтарға беріледі.

4 4. Атақ мемлекеттік қызметте өзін көрсете білген мемлекеттік және саяси қызметшілерге, облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал еткен азаматтарға ерекше құрмет ретінде берілуі мүмкін.

5 5. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына тірі кезінде беріледі.

6 6. Абай облысы немесе қаласының, ауданының Құрметті азаматы атағы бір рет беріледі.

7 7. Атақ:

1 1) Атаққа ұсыну кезінде заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған тұлғаларға;

2 2) сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған тұлғаларға;

3 3) атаққа ұсыну сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған әкімшілік жазасы бар адамдарға берілмейді.

8 8. Атақты беру туралы қолдаухатты еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар, тиісті мәслихат депутаттары және өзге де бастамашыл топтар (бұдан әрі – бастамашыл топтар) ұсына алады.

Бұл ретте бір бастамашыл топтан ағымдағы күнтізбелік жылы тек бір кандидатураға қатысты Атақ беру туралы қолдаухат енгізілуі мүмкін.

9 9. Қолдаухатқа бірінші басшы немесе тиісті уәкілетті тұлға қол қояды, онда Атақ берілетін үміткерлердің нақты еңбегі көрсетіледі.

10 10. Қолдаухатта үміткердің негізгі өмірбаяндық деректері, оның Абай облысы (қаласы, ауданы) алдындағы жетістіктері мен сіңірген еңбегінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі, сонымен қатар:

1 1) үміткердің сіңірген еңбегінің толық сипаттамасы бар мінездеме;

2 2) растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса мемлекеттік және басқа да наградаларының тізбесі;

3 3) бастамашыл топтың жиналыс шешімінің хаттамасы;

4 4) жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі;

5 5) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ерекше еңбегін сипаттайтын мәліметтерді қамтитын награда қағазы;

6 6) үміткердің 3х4 сантиметр (2 дана) және 6х9 сантиметр (1 дана) көлеміндегі фотосуреттері қоса беріледі.

11 11. Атақ беру туралы өз кандидатураларын өздігінен ұсынған тұлғалардан келіп түскен қолдаухаттар қаралмайды.

12

12. Қолдаухат облыс (қала, аудан) әкіміне жолданады, облыс (қала, аудан) әкімі өз кезегінде қолдаухатты «Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағына ұсыну мәселелері жөніндегі жергілікті өкілді және атқарушы органдары, қоғамдық ұйымдары өкілдерінің тақ саннан тұратын тиісті комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді.

13 13. Комиссия осы Қағидаларға сәйкес үміткерлерге қатысты барлық жағдайды анықтайды және құжаттардың растығын тексереді.

14 14. Шешім Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

15 15. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Комиссия мүшелерi дауыс беру кезiнде қалыс қалмайды және отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады.

Комиссияның қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді.

16 16. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болады.

17 17. Көпшіліктің шешімімен келіспеген Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіре алады, оны Комиссия төрағасына ұсынады және ол Комиссия отырысының хаттамасына тіркеледі.

18

18. Комиссия облыс (қала, аудан) әкіміне Атақ беру туралы ұсынымды тиісті мәслихаттың қарауына енгізуді немесе тиісті себептерін көрсете отырып, одан бас тартуды (кері қайтаруды) ұсынады (құжаттардың толық емес тізбесі және (немесе) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі).

19 19. Атақ облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихатпен, жылына бір рет беріледі.

20 20. Тиісті мәслихаттың Атақ беру туралы шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3 3-тарау. «Абай облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» куәлігін және төсбелгісін тапсыру тәртібі

21 21. Атақ берілген адамға «Абай облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» төс белгісі, куәлігі салтанатты түрде беріледі және оның есімі тиісті әкімдіктің аппаратында сақталатын Абай облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматтарының кітабына хронологиялық тәртіппен енгізіледі

22 22. Куәлікке облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихат төрағасы қол қояды

23

23. Атақ алған тұлғалар куәлік пен төсбелгінің сақталуын қамтамасыз етулері тиіс. Атақ берілгендігін растайтын құжаттар жоғалған жағдайда, оны иеленген тұлға өзінің құқықтарын сақтап қалады және тиісті мәслихаттың шешімімен оған құжаттардың көшірмесі өтініш түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайта беріледі, бұл ретте төсбелгі қайталап берілмейді.

24 24. Атақ өмірлік болып табылады. Оның берілуі туралы құжаттар және төсбелгі отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады немесе мұрагерлерінің келісімі бойынша жергілікті мұражайға өткізілуі мүмкін.

4 4-тарау. Атақтан айыру негіздемелері

25 25. Атақ берілген азамат тиісті мәслихаттың шешімімен келесі жағдайларда Атақтан айрылуы мүмкін:

1 1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін;

2 2) Атақ беру туралы қолдау хат енгізген бастамашыл топтың ұсынымы бойынша қоғамның айрықша назарын аударған өрескел іс-әрекет жасағаны үшін.

26 26. Атағынан айыру жағдайында, Атақтан айырылатын тұлғадан куәлігі, төсбелгісі қайтарылады, сонымен бірге облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет Кітабында тиісті жазба жазылады.

27 27. Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген негіздер бойынша Атақтан айырылған азамат қайталап Атақ беруге ұсыныла алмайды.

28 НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

28. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың Атаққа ие болу құқықтары сот шешімімен қалпына келтіріледі.
«Абай облысының (қаласының,
ауданының) Құрметті азаматы»
атағын беру қағидаларының
қосымшасы
____________________
(облысы/қала/аудан)
НАГРАДА ҚАҒАЗЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________
3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек) ________________________________________________________________________________________
4. Жынысы _________________________________
5. Туған жылы мен туған жері _________________________________
6.Ұлты_______________________________________________________
7. Білімі __________________________________________________
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы __________________________
9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты:___________________
10. Үйінің мекенжайы:__________________________
11. Жалпы жұмыс өтілі___________Саладағы жұмыс өтілі____________
12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі _________________
13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме: _____________________________________________________________________________________
Кандидатура _____________________________________________________________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы немесе бастамашыл топтың аты-жөні, талқылау күні, хаттаманың №)
________________ талқыланып, ұсынылған.
Мына наградаға ұсынылады _______________________________________________________
(награданың түрі)
___________________ _____________________________________________________________
(ТАӘ) (ТАӘ)
___________________ _____________________________________________________________
(қолы) (қолы)
М.О. М.О.
________ жылғы "______" ___________
(толтырылған күні)
Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.

Қолданыстағы