О порядке исчисления средней заработной платы работников организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке исчисления средней заработной платы работников организаций
- Атауы (қаз.)
- Ұйымдардың қызметкерлерiне орташа жалақы есептеудiң тәртiбi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1251
- Қабылданған күні
- 11.08.1997
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2000 AI1742_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P970001251_
- ЭКБ идентификаторы
- 1742
- Редакция идентификаторы
- AI1742_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:59
0 Ұйымдардың қызметкерлерiне орташа жалақы есептеудiң тәртiбi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2000 № 1942 қаулысымен.
Ұйымдардың қызметкерлерiне орташа жалақы есептеуге бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Ұйымдардың қызметкерлерiне орташа жалақы есептеу үшiн зейнетақы тағайындаудан басқа, барлық жағдайда есептеу кезеңi онымен тиiстi төлем байланысты болатын оқиғаның алдындағы кейiнгi 12 күнтiзбелiк ай (1-iнен 1-i күнiне дейiн) болып табылады деп белгiленсiн.
2. Бес күндiк те, алты күндiк те жұмыс аптасы кезiнде орташа жалақы есептеу тиiстi есептi кезең үшiн күндiк жалақы есебiнен осы кезең үшiн сақтандыру жарналары есептелетiн белгiленген үстемақылар мен қосымша ақылар, сыйлықақылар мен басқа да төлемдер ескерiле отырып жүргiзiледi деп айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып бiр ай мерзiм iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, Ұйымдардың қызметкерлерiне орташа жалақы есептеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiтсiн.
4. Мыналардың:
"Негiзгi жалақыны есептеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 маусымдағы N 397 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 17, 108-құжат);
"Демалысқа ақы төлеу немесе пайдаланылмаған демалысқа өтем төлеу үшiн орташа жалақыны есептеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 13 қаңтардағы N 51 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 1, 9-құжат) ұйымдардың қызметкерлерiне орташа жалақы есептеудiң жаңа тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлген күннен бастап күшi жойылған деп танылсын.