Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования, ведения и содержания рабочих коллекций патогенных и промышленных микроорганизмов, используемых в области ветеринарии

Бұйрық · № 391 · қабылданған 25.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-174332/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования, ведения и содержания рабочих коллекций патогенных и промышленных микроорганизмов, используемых в области ветеринарии Қолданыста Бұйрық ·№ 391 ·25.11.2022
25.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования, ведения и содержания рабочих коллекций патогенных и промышленных микроорганизмов, используемых в области ветеринарии

Қолданыста Бұйрық ·№ 391 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования, ведения и содержания рабочих коллекций патогенных и промышленных микроорганизмов, используемых в области ветеринарии
Атауы (қаз.)
Ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
391
Қабылданған күні
25.11.2022
Көрсетілген редакция
25.11.2022 174332_604594.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030759
ЭКБ идентификаторы
174332
Редакция идентификаторы
174332_604594
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:41

0 Ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекіту туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-28) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидалары бекітілсін.

2

2. «Микроорганизмдердің штамдарын депонирлеу, Микроорганизмдердің депонирленген штамдарының ұлттық коллекциясын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 93 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20161 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

0 Ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 25 қарашадағы
№ 391 бұйрығымен
бекітілген
Ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-28) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) қолма-қол жеткізуші – микроорганизмдерді межелі пунктке дейін тікелей алып жүретін қызметкер;

2 2) микроорганизм штамы – белгілі бір биологиялық қасиеттері бар микроорганизм түрінің біртекті өсіндісі;

3 3) өміршеңдік – өсіндінің (микроорганизм штамының) қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларында өзінің тіршілігін сақтау қабілеті;

4

4) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекциясы (бұдан әрі – жұмыс коллекциясы) – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект ғылыми, өндірістік, диагностикалық, зерттеу мақсаттарында құратын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдер штамдарының коллекциясы;

5 5) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект (бұдан әрі – ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект) – Биологиялық қауіпсіздік туралы заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

6 6) референттік (эталондық) штамм – қасиеттерді салыстыру мақсатында үлгі ретінде пайдаланылатын микроорганизм штамы;

7 7) табиғи штамм – адамдардан және табиғи орта компоненттерінен (жануарлар, өсімдіктер, су, топырақ, ауа) оқшауланған (бөліп шығарылған) микроорганизм штамы;

8 8) тест-штамм (бақылау) – зертханалық зерттеулердің сапасына бақылау (қоректік ортаны, препараттарды бақылау, зертханалық әдістердің дұрыстығын растау, зерттеулер мен стандарттауды талап ететін зерттеулер нәтижелерін түсіндіру) жүргізу кезінде пайдаланылатын микроорганизмнің штамы;

9 9) штамм-имитатор – сапаны сыртқы және зертханаішілік бағалауды жүргізу кезінде оқыту үшін пайдаланылатын, вируленттілігі әлсіреген микроорганизм штамы.

3 3. Жұмыс коллекциялары мынадай міндеттерді шешуге арналған:

1 1) инфекциялық және паразиттік аурулардың диагностикасы;

2 2) оқшауланған патогенді биологиялық агенттерді (бұдан әрі – ПБА) сәйкестендіру;

3 3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми зерттеулерді жүргізу;

4 4) иммундық-биологиялық дәрілік және диагностикалық препараттар өндірісі;

5 5) қоректік ортаны, дәрілік заттар мен препараттарды бақылау.

4 4. Жұмыс коллекцияларында:

1 1) референттік (эталондық) штамдар;

2 2) тест-штамдар (бақылау);

3 3) имитатор штамдар;

4 4) табиғи штамдар;

5 5) иммундық-биологиялық дәрілік және диагностикалық препараттарды өндіру үшін пайдаланылатын микроорганизмдер штамдары болады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген микроорганизмдер штамдарынан басқа, жұмыс коллекциясында микроорганизмдердің штамдары да бар, оларға қатысты патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясына одан әрі депозиттеу үшін сәйкестендіру рәсімдері жүргізіледі.

5 5. Жұмыс коллекцияларын жүргізуге Биологиялық қауіпсіздік туралы заңның 15-бабы 4-тармағына сәйкес ПБА-мен жұмыс істеуге тиісті рұқсат және оған қосымша болған кезде жол беріледі.

6 6. Жұмыс коллекцияларын жүргізу микроорганизмдер штамдарының бастапқы қасиеттерін толықтыру, сәйкестендіру, зерделеу, паспорттау, есепке алу, сақтау, ұстау және оларды беру жолымен жүзеге асырылады.

7 7. ПБА-мен жұмыс істейтін субъектілер:

1 1) жұмыс коллекциясындағы сақтаудың барлық кезеңі ішінде микроорганизмдер штамдарының бастапқы сипаттамаларын сақтай отырып, тіршілік етуге қабілетті жай-күйде ұстауды қамтамасыз етеді;

2

2) нәтижесінде төтенше жағдай туындауы мүмкін жұмыс коллекциясын пайдалану процесінде штаттан тыс жағдайларда (авария, апат, заңсыз шығару, жоғалту, ұрлау) оқиға орнын қорғау, оқшаулар және салдарларын жою, іздестіруді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау үшін ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарына, биологиялық қауіпсіздік саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы, ветеринария саласындағы уәкілетті органдарға дереу хабарлайды.

8 8. Жұмыс коллекциясына орналастырылғанға дейін микроорганизм штамына жеке нөмір беріледі.

Микроорганизм штамына берілген жеке нөмір оны берген кезде өзгермейді және ол микроорганизм штамының паспортында, тіркеу және есепке алу журналдарында көрсетілген кезде есептік сәйкестендіру үшін қызмет етеді.
Микроорганизм штамы жоғалған, жойылған не есептен шығарылған кезде оның жеке нөмірін басқа микроорганизм штамына беруге жол берілмейді.

2 2-тарау. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру тәртібі

9 9. Жұмыс коллекциясына сәйкестендіру рәсімінсіз сатып алынатын микроорганизм штамдары орналастырылады, оларға қатысты микроорганизм штамының паспортында олардың толық қасиеттері айқындалады және олар:

1 1) референттік (эталондық) штамдар;

2 2) тест-штамдар (бақылау);

3 3) имитатор штамдар;

4 4) иммундық-биологиялық дәрілік және диагностикалық препараттарды өндіру үшін пайдаланылатын микроорганизмдердің штамдары болып жіктеледі.

10 10. Табиғи штамдарды жұмыс коллекциясына орналастыру оларды сәйкестендіру мақсатында жүргізіледі.

11 11. ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген микроорганизмдер штамдарын сатып алу үшін осы штамдарды жеткізушімен олардың бар-жоғы, сатып алу және жеткізу шарттары туралы келіссөздерді (хат алмасуды) жүзеге асырады, кейіннен шарт жасайды.

12 12. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген микроорганизм штамдарын жұмыс коллекциясына орналастыру оның қасиеттері туралы толық мәліметтерді қамтитын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1 және 2-нысандар бойынша микроорганизм штамының паспорты негізінде жүргізіледі.

13 13. Микроорганизм штамын ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектіге берген кезде мынадай шарттар сақталады:

1 1) микроорганизм штамы тасымалдау кезінде тиісті температуралық режим сақтала отырып, лиофилизацияланған, мұздатылған (криоконсервіленген) немесе культивацияланған (субкультивацияланған) жағдайда беріледі (температуралық датчиктермен немесе басқа құрылғылармен расталады);

2 2) микроорганизм штамы бар ампулалар (флакондар), пробиркалар герметикалық тығындалады және микроорганизм штамының атауы, себу және кептіру күні бар заттаңбалармен жабдықталады.

14 14. Жұмыс коллекциясына орналастырылғанға дейін табиғи штамдар микроорганизм штамының бастапқы паспортында көзделген негізгі қасиеттерді тексеру рәсімінен өтеді.

15

15. Орналастырылатын микроорганизм штамының паспортын қоса алғанда, оның құжаттамасы болғанда, қаптаманың бүтіндігі, ыдыстардың қанағаттанарлық жай-күйі сақталған кезде және олардың саны қоса берілетін құжаттамаға сәйкес болған кезде, сатып алынған микроорганизмдер штамдары мен табиғи штамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроорганизмдер штамдарын тіркеу журналында тіркеледі.

16

16. Жіберілетін микроорганизм штамына оның паспортын қоса алғанда, құжаттамаға сәйкес келмеген, қаптаманың тұтастығы сақталмаған, ыдыстар қанағаттанарлықсыз жай-күйде болған кезде және олардың саны қоса берілген құжаттамаға сәйкес келмеген кезде алушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде микроорганизм штамына қоса берілетін құжаттаманы тиісінше ресімделгені не микроорганизм штамының жойылғаны туралы тиісті хабарламаны жөнелтушінің мекенжайына жібереді.

3 3-тарау. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын күтіп-бағу тәртібі

1 1-параграф. Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдерді сақтау

17 17. Патогендігі I және (немесе) II және (немесе) III және (немесе) IV топтағы ПБА табиғи штамдары жұмыс топтамасына штамм келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 180 күннен аспайтын мерзімге одан әрі сәйкестендіру үшін жұмыс коллекцияларына орналастырылады.

Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген микроорганизмдер штамдары осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген міндеттерді шешу үшін мерзімге жұмыс коллекциясына орналастырылады.

18 18. Жұмыс коллекциясына орналастырылған микроорганизмдер штамдарын сақтау мерзімдері:

1 1) ғылыми қызығушылық тудыратын патогенді немесе өнеркәсіптік микроорганизмдердің штамдары үшін - штамм жұмыс коллекциясына келіп түскен күннен бастап 12 айдан аспайды;

2 2) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген микроорганизмдер штамдары үшін - осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген міндеттерді шешу мерзімі.

19 19. Табиғи штамдарды сәйкестендіру нәтижелері бойынша ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект оны патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясына сақтауға беру не жою жөнінде шешім қабылдайды.

Сәйкестендіру қорытындылары бойынша белгіленген қосымша деректер микроорганизм штамының паспортына енгізіледі.

20 20. Жұмыс коллекциясына орналастырылған микроорганизмдер штамдарына ПБА-мен жұмыс істейтін субъектінің қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтау картасын толтырады және сақтаудың кемінде екі оңтайлы тәсілін таңдауды жүзеге асырады.

21 21. Микроорганизмдер штамдарының бастапқы сипаттамаларын сақтай отырып, оларды тіршілік етуге қабілетті жай-күйде ұстау үшін сақтау картасының негізінде барлық штамдар үшін қайта себу графигі және сақтаудың оңтайлы түрін таңдау белгіленеді.

22 22. Микроорганизмдер штамдары мөрленген тоңазытқыштарда, жанбайтын шкафтарда, сейфтерде, мамандандырылған жабдықтарда бөлек сақталады.

23 23. Микроорганизмдер штамдарын сақтауға бекітілген қызметкерлер күн сайын микроорганизмдер штамдарын сақтау температурасын бақылайды.

24 24. Микроорганизмдер штамдарын сақтау микроорганизм штамының паспортына, сақтау картасына және қайта себу графигіне сәйкес жүргізіледі, онда себудің кезеңділігі көрсетіледі.

25 25. Микроорганизмдер штамдары бар ыдыстарда жеке нөмірі және қайта себілген (лиофилизацияланған) күні белгіленген берік желімделген заттаңбалар немесе көрсетілген ақпаратты қамтитын штрих-код болады.

26 26. Микроорганизмдер штамдарын жаңартуға бекітілген қызметкерлер сақтау картасы мен қайта себу графигіне сәйкес жаңартылуы тиіс микроорганизмдер штамдарын анықтайды, паспорттық және қолда бар құжаттамалық сипаттамалармен танысады.

27 27. Жаңарту жұмыстары зерттеу кезінде микроорганизмдердің басқа штамдарымен жұмыстар жүргізілмейтін бокста жүргізіледі.

28

28. Микроорганизм штамын жаңартуға бекітілген қызметкер оның қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттаманы жүргізеді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себу немесе жою мақсатында микроорганизм штамдары бар ыдысты ашу актісін ресімдейді және жаңарту нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеу хаттамасы жасалады.

29 29. Микроорганизмдер штамдарын жұмыс коллекциясында сақтау қоректік ортада және (немесе) паспорттық деректерге және (немесе) сақтау картасына сәйкес лиофильді кептіру және (немесе) криосақтау жағдайларында жүзеге асырылады.

30 30. Ампулалардан және дәнекерленген пробиркалардан лиофилизацияланған (кептірілген) микроорганизмді реактивациялау биоқауіпсіздік шкафында жүргізіледі.

2 2-параграф. Микроорганизмдер штамдарының жұмыс коллекциясынан орын ауыстыруы

31 31. Микроорганизмдер штамдарын жұмыс коллекциясынан ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1 1) патогендік және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясына депонирлеуге не уақытша сақтауға жіберілген кезде;

2 2) патогендігі III және (немесе) IV топтағы микроорганизмдер штамдарын ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын және уақытша сақтау үшін тиісті ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсаты бар өзге субъектілерге беру кезінде не өткізу кезінде;

3 3) референс-зертханаларға беру кезінде.

32

32. ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектінің бөлімшелері арасында микроорганизмдер штамдарын (телнұсқаларын) босату (алу) оның басшысының жазбаша рұқсаты бойынша жүзеге асырылады және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің немесе олардың бөлімшелерінің арасында микроорганизмдер штамдарын босату (алу) актісімен (бұдан әрі – босату (алу) актісі) және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроорганизмдер штамдарының қозғалысын есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) жазумен ресімделеді.

33 33. ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер арасында микроорганизмдер штамдарын (телнұсқаларын) босату (алу) шарт негізінде олардың басшыларының жазбаша рұқсаты бойынша жүзеге асырылады және босату (алу) актісімен ресімделеді, есепке алу журналына тиісті жазба енгізіледі.

34 34. Микроорганизмдер штамдарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге (ден) босату (алу) «Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

35

35. Патогендігі I және (немесе) II топтағы микроорганизмдер штамдарын оларды ұйымнан тыс жерге беру немесе жұмыс коллекциясына орналастыру кезінде биологиялық қауіптілігі бойынша білімі бар арнайы почта байланысымен немесе екі қолма-қол жеткізушімен тасымалдауға рұқсат етіледі. Микроорганизмдер штамдарын алған кезде қолма-қол жеткізуші жөнелтуші ұйымның басшысы берген сенімхатты және оның жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынады.

36 36. Ішіндегісі көрсетілген жөнелтуші ұйымның ресми бланкісіндегі ілеспе хат болған жағдайда, қарап тексерудің барлық түрлерін жүзеге асыру кезінде транспортталатын микроорганизмдер штамдарының қаптамасын ашуға жол берілмейді.

Микроорганизмдер штамдарының буып-түю актісі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады, бірінші данасын сыртқы қаптамаға бастапқы қаптамамен байланыссыз орналастырады, екінші данасы жөнелтушіде қалады.

37 37. Жөнелтуші ұйым алушы ұйымға қол жетімділігі шектеулі ақпаратқа қол жеткізу шарттарын сақтай отырып, микроорганизмнің жіберілген күні мен көлік түрін хабарлайды.

38 38. Микроорганизмдер мұздатылған, лиофилизацияланған күйде немесе тығыз қоректік ортада тасымалданады. Тасымалдау «үш рет қапталған» жағдайда жүзеге асырылады, ол мыналарды қамтиды:

1 1) бастапқы қаптама – тікелей тасымалданатын штамы бар және ыдыстың ішіндегісіне қатысты таңбасы бар герметикалық жабылған ыдыс (ампулалар, флакондар, пробиркалар);

2

2) екінші қаптама – ішінде сіңіргіш материалы бар герметикалық жабылатын ыдыс (контейнер, пенал, берік су өткізбейтін полиэтилен пакеті). Екінші қаптамаға түрлік және тектік атауын, штамм нөмірін, бастапқы сыйымдылықтар санын, «Қауіпті! Тасымалдау кезінде ашуға болмайды» белгісін қоса алғанда тасымалданатын штамдардың тізімдемесі (мәліметтер) орналастырылады;

3

3) сыртқы қаптама – тасымалдаудың температуралық жағдайларын қамтамасыз ету үшін құрамында тоңазыту элементтері бар берік термооқшаулағыш контейнер. Сыртқы қаптаманың сыртқы жағында алушы (мекенжайы, байланыс телефоны); жөнелтуші (мекенжайы, байланыс телефоны); аса қауіпті микроорганизмдерді тасымалдау кезінде – биологиялық қауіптілік белгісі; бағыттаушы (бағдарлаушы) бағыттамалар көрсетіледі.

39 39. Микроорганизмдерді алған ұйым осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаптаманы ашу актісін жасайды және микроорганизмді алғанын растайтын хатпен бірге оларды берген ұйымға микрооганизм штамын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.

3 3-параграф. Жұмыс коллекциясындағы микроорганизмдер штамдарын жою

40 40. Микроорганизмдер штамдары жұмыс коллекцияларында мынадай жағдайларда жойылуы тиіс:

1 1) патогендігі I және (немесе) II топтардағы ПБА телнұсқаларының патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясына сақтауға бағытталуы;

2 2) орындау үшін жұмыс коллекциясына орналастырылған микроорганизмдердің штамдарымен жұмыстың аяқталуы;

3 3) штамның тіршілік ету қабілеті мен тазалығын жоғалту;

4 4) осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көзделген микроорганизм штамдарын сақтау мерзімдерінің өтуі.

41 41. Микроорганизм штамы жойылған кезде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроорганизм штамын жою туралы акт (бұдан әрі – жою туралы акт) жасалады және есепке алу журналына тиісті өзгерістер енгізіледі.

4 4-тарау. Ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын жүргізу тәртібі

42 42. Жұмыс коллекцияларында тұрақты негізде микроорганизмдер штамдарының қозғалысын есепке алу журналында көрсете отырып есепке алу жүргізіледі.

43 43. Объективті есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ПБА-мен жұмыс істейтін субъекті жылына кемінде бір рет микроорганизмдер штамдары туралы ақпаратты өзектендіруді қамтитын жұмыс коллекциясына комиссиялық түгендеу жүргізеді.

Түгендеу жүргізу процесінде микроорганизм штамы өсімінің оған тән емес өсуі не қоректік ортаның немесе лиофилизацияланған материалдың кебу белгілері, сондай-ақ сақтау ыдысының (пробирка, ампула, флакон) бүтіндігінің бұзылуы анықталған кезде микроорганизм штамын жою туралы акт қабылданады.

44

44. Патогендігі I және (немесе) II топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штамдары туралы ақпаратты (бұдан әрі – жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штамдары туралы ақпарат) ветеринария саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Патогендігі III және (немесе) IV топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект жыл сайын 15 қаңтарға дейінгі мерзімде ветеринария саласындағы уәкілетті органға жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штамдары туралы ақпаратты ұсынады.

45

45. Жұмыс коллекцияларындағы микроорганизмдер штамдарын қозғалысын есепке алу туралы деректерді ветеринария саласындағы уәкілетті орган жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штамдары туралы ақпаратты алған кезден бастап 15 жұмыс күні ішінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйеге енгізеді.

1 Микроорганизм штамының паспорты (бактериялық және саңырауқұлақ штамдары үшін)

Ветеринария саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік микроорганизмдердің
жұмыс коллекцияларын қалыптастыру,
жүргізу және күтіп-бағу
қағидаларына 1-қосымша
1-нысан
Микроорганизм штамының паспорты
(бактериялық және саңырауқұлақ штамдары үшін)

1 1. Номенклатуралық деректер:

Кол­лек­ци­я­лық нө­мі­рі
Те­гі
Тү­рі
Кі­ші тү­рі, нұс­қа­сы
Де­по­зи­тор бер­ген нө­мір
Си­но­ним­де­рі:
Алын­ды:
Алын­ған кү­ні:

2 2. Шыққан тегі: организмнен немесе организмнен тыс бөлінді:

_____________________________
(ор­га­низ­мнен, то­пы­рақ­тан және бас­қа да көз­дер­ден) бө­лін­ді
Ба­стап­қы штамм (дар) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, та­ным­дық сі­л­те­ме, ор­на­лас­қан же­рі (кол­лек­ция)
Бө­лу үшін үл­гі­лер­ді ірік­теу ор­ны­ның ор­на­лас­қан же­рі
Бө­лу тә­сі­лі (ор­та және шар­ттар)
Кім бөл­ді
Құ­ра­с­ты­ру тә­сі­лі (ор­та, му­та­ген, әсер ету шар­тта­ры)
бой­ын­ша сәй­кестен­ді­ріл­ді (анық­та­у­шы­ға биб­лио­гра­фи­я­лық сі­л­те­ме)
Тип­тік штам­мен са­лы­сты­рыл­ды (кол­лек­ци­я­лық нө­мір)
Кі­тап­та кел­ті­рі­л­ген түр­дің си­патта­ма­сы:
Кім сәй­кестен­дір­ді
Кү­ні
Кім құ­ра­с­тыр­ды
Кү­ні

3 3. Биотехнологиялық сипаттамалары:

Өн­ді­рі­ле­тін заттың ата­уы, өнер­та­быс­қа өті­нім бе­ру­ге негіз болған штам­ның қа­си­е­ті неме­се өзге де мақ­са­ты
Пай­да­лы қа­си­ет­тің ең жо­ғар­ғы дең­гей­ін қам­та­ма­сыз ете­тін ор­та­ның құ­ра­мы және куль­ти­ва­ци­я­лау шар­тта­ры:
Өнім­нің шы­ғуы, бел­сен­ді­лік дең­гейі, өнім­ді­лі­гі:
Анық­тау (те­сті­леу) тә­сі­лі:
Бас­қа да ерекше­лік­те­рі:
Морфологиялық-өсірінділік қасиеттері

4 4. Вегетативті жасушалар:

Ор­та, тем­пе­ра­ту­ра, жа­сы, өсу шар­тта­ры
Ны­са­ны, тү­сі, өл­ше­мі
Ұшта­ры­ның пі­ші­ні
Грам бой­ын­ша бо­я­уы
Қыш­қы­л­ға тө­зім­ді­лі­гі
Жа­су­ша қа­быр­ға­сы­ның ти­пі
Кө­бею ти­пі
Бө­лу ке­зін­де­гі ай­ыр­ма­шы­лық ти­пі, жа­су­ша аг­ре­гат­та­ры
Қоз­ғал­ғы­штығы (бұ­рау ти­пі, си­па­ты)
Ор­га­нел­ла­лар, қо­сын­ды­лар, ва­ку­оль­дер
Бүр­шік­тер, ара­лық­сы­на­у­лар, қы­л­шық­тар, өсін­ді­лер
Кап­су­ла, қап­тар
Уль­тра­құ­ры­лым ерекше­лік­те­рі

5 5. Мамандандырылған жасушалардың түзілуі (споралар, цисталар):

Ор­та, тем­пе­ра­ту­ра, жас, ин­дук­ци­я­лау жағ­дай­ла­ры
Жа­су­ша­лар ти­пі(те­рі)
Тү­зі­лу си­па­ты
(спо­ра­лар үшін: эк­зо неме­се эн­до­ген­дік)
Жа­су­ша­лар ны­са­ны
Жа­су­ша­лар­дың са­ны мен ор­на­ла­суы
Жа­су­ша­лар­дың ны­са­ны, өл­шем­де­рі
Жа­су­ша­лар­дың ти­пі мен өсу жағ­дай­ла­ры
Бас­қа да ерекше­лік­те­рі:

6 6. Тығыз ортадағы колониялардың сипаттамасы:

Орта, температура, жасы, өсу шарттары
Өлшемі
Нысаны, бейіні, шеті, қозғалғыштығы
Консистенция және беті (S немесе R)
Бетінің артқы жағының түсі, флуоресценция, мөлдірлігі, ортаға пигменттердің бөлінуі

7 7. Сұйық ортада өсуі

Ор­та, тем­пе­ра­ту­ра, жа­сы, өсу шар­тта­ры
Өсу си­па­ты (үл­дір, са­қи­на, тұн­ба, лай­ла­ну, шы­ны тү­тік қа­быр­ға­сы бой­ын­ша өсу)
Ор­та­ның өзге­руі (бо­яу, флу­о­рес­цен­ция, иісі, су­те­гі көр­сет­кі­ші­нің өзге­руі, тұн­ба­ның тү­суі)
Бас­қа да ерекше­лік­те­рі
Физиологиялық-биохимиялық қасиеттері

8 8. Трофикалық топқа тиесілілігі: фотоавтотрофтар, фотогетеротрофтар, хемоавтотрофтар, хемогетеротрофтар; айқындау шарттары:

9 9. Фото және химосинтез кезіндегі электрондар донорлары (Д) және акцепторлары (А) :

10 10. Катаболизм түрлері: тыныс алу, анаэробты тыныс алу, ашу; шарттары:

11 11. Симбиотрофты қатынастар (жыртқыштық, паразитизм), әріптестер, шарттар:

12 12. Қарым-қатынасы:

От­те­гі­ге (аэроб­ты, мик­ро­аэро­фил­ді, аэро­то­ле­рант­ты неме­се қа­таң анаэ­роб­ты)
Жа­рық­қа (спек­трі, қар­қын­ды­лы­ғы)
Тем­пе­ра­ту­ра (ең жо­ғар­ғы, ең тө­мен­гі, оң­тай­лы)
Су­те­гі көр­сет­кі­ші (ең жо­ғар­ғы, ең тө­мен­гі, оң­тай­лы)
Ан­ти­бак­те­ри­я­лық агент­тер­ге (кон­цен­тра­ци­я­сы)
Фаг­тар­ға
Осмо- және га­ло­то­ле­рант­ты­лы­ғы
Бас­қа фак­тор­лар­ға

13 13. Алмасудың өзіне тән физиологиялық ерекшеліктері:

Диф­фе­рен­ци­ал­ды және ди­а­гно­сти­ка­лық фер­мент­тер
Ди­а­гно­сти­ка­лық суб­страт­тар­ға әсер етуі (же­ла­тин, крах­мал, эс­ку­лин)
Ашы­ту­ға тән өнім­дер
Кү­кірт­су­те­гі­нің, ин­дол­дың тү­зі­луі
Бас­қа да ерекше­лік­тер

14 14. Штамның маркерлік белгілері және оларды анықтау әдістері:

Ге­не­ти­ка­лық (ерекше му­та­ци­я­лар)
Фи­зио­ло­ги­я­лық (аук­со­тро­фия)
Био­хи­ми­я­лық
Им­мун­дық-хи­ми­я­лық

15 15. Гендік және хемо-таксономиялық сипаттамалар:

Реперлік штамдардың дезоксирибонуклеин қышқылының дезоксирибонуклеин қышқылымен будандасуы
Геном өлшемі, плазмидтердің болуы және сипаттамасы
Жасуша қабырғасының дифференциалданатын компоненттері:
липидтік құрамның дифференциалданатын ерекшеліктері, микол қышқылдары:
дифференциалданатын антигендер:
Басқа да ерекшеліктері: ақуыз спектрлері, цитохромдар, хинондар

16 16. Патогендік қасиеттерінің болуы туралы мәліметтер:

17 Микроорганизм штамының паспорты (вирустық штамдар үшін)

17. Депозиторлар туралы мәліметтер:
Р/с №
Де­по­зи­тор(лар)дың аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) те­гі
Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы
Кү­ні
Ата­уы, ме­кен­жайы және те­ле­фо­ны
1
2-нысан
Микроорганизм штамының паспорты
(вирустық штамдар үшін)

1 1. Вирустың және штамның атауы (қабылданған халықаралық терминология), шартты белгісі немесе нөмірі___________________________

2 2. Вирус қайда, кіммен, қашан және қандай жануарлардан бөлінді_________

3 3. Штамм қай мекемеден алынды, алынған күні ______________________

4 4. Штамның сипаттамасы (эпизоотиялық, вакциналық, өндірістік, мұражайлық, зертханалық) және оның нысаналы мақсаты________________

5 5. Штамның телнұсқасы қайда (қай мекемеде) сақталады _________________

6 6. Штамды сипаттайтын негізгі қасиеттер (таксономия): вирус штамы жатқызылған түр __________________________________

7 7. Басым тропизм (эпителиотропия, нейтротропия) ______________

8 8. Сезімтал жануарлар (табиғи сезімтал және зертханалық), жұқтыру әдістері және инкубациялық кезең ____________________________________

9 9. Гемагглютинациялаушы қасиеттер (титр) ____________________________

10 10. Штамның серологиялық сипаттамасы (антигендік қасиеттері):_________

11 11. Штамның иммуногенділігі _______________________________________

12 12. Вирус штамының титрі (анықталған биологиялық жүйені көрсету) ___________________________________________________________________

13 13. Вирустың табиғи жағдайда таралу қабілеті __________________________

14 14. Штамды сақтаудың негізгі шарттары:

Сақтау температурасы _______________________________________________
Орта құрамы және тұрақтандырғыш ___________________________________
Ортаның рН _______________________________________________________
«Жаңартусыз» сақтаудың рұқсат етілген ұзақтығы _____________________

15 15. Тығындау түрі __________________________________________________

16 16. Штамды ұстау және «жаңарту»:

Жасуша өсінділері (жасуша түрі) _____________________________________
Құстың дамушы эмбриондары________________________________________
Зертханалық немесе ауыл шаруашылығы жануарлары____________________
Соңғы «жаңарту» жиілігі мен уақыты ______________________________

17 17. Ұзақ сақтау және ұстау кезінде штамның негізгі қасиеттерінің тұрақтылығы:

Титрдың сақталуы __________________________________________________
Титр белсенділігі ___________________________________________________
Иммуногенділікті сақтауы ___________________________________________
Вирустың генетикалық қасиеттерінің тұрақтылығы ______________________

18 18. Штамм қандай түрде және мөлшерде беріледі (жіберіледі). Тасымалдау бойынша ұсынымдар _____________________________________________

19 19. Штамм туралы қосымша мәліметтер (бактериялық қатынаста стерильділік;

контаминанттардың бөгде патогенді вирустарының болмауы) ___________________________________________________________________

20 20. Штамм кімге беріледі (қайда жіберіледі) ____________________________

21 21. Беру немесе жіберу үшін негіздеме (кімнің рұқсаты немесе өкімі, нөмірі, күні) ________________________________________________________________

22 22. Депозиторлар туралы мәліметтер:

Р/с №
Депозитор(лар)дың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Қолы
Күні
Атауы, мекенжайы және телефоны
1

2 Микроорганизмдер штамдарын тіркеу журналы

Ветеринария саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік микроорганизмдердің
жұмыс коллекцияларын қалыптастыру,
жүргізу және күтіп-бағу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Микроорганизмдер штамдарын тіркеу журналы
Рет­тік нө­мі­рі
Ке­ліп түс­кен кү­ні
Мик­ро­ор­га­низм шта­мы
Өсін­ді­сі бар ке­ліп түс­кен сый­ым­ды­лық­тар (шы­ны тү­ті­клар, ам­пу­ла­лар және бас­қа­лар) са­ны
Өсі­рін­ді­ні ор­на­ла­сты­ру үшін жі­бер­ген ұй­ым, адам
Ор­на­ла­сты­ру мақ­са­ты
Қа­рап-тек­се­ру нәти­же­ле­рі
Ата­уы
Же­ке нө­мі­рі
Ата­уы,
ла­у­а­зы­мы
Іле­с­пе хат­тың кү­ні мен нө­мі­рі (бар бол­са)
1
2
3
4
5
6
7
8
9

3 Сақтау картасы

Ветеринария саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік микроорганизмдердің
жұмыс коллекцияларын қалыптастыру,
жүргізу және күтіп-бағу
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Сақтау картасы
Штамм атауы ________________________________________________________
Штамның жеке нөмірі _______________________________________________
Штамды қоректік ортада сақтау:
Ал­дын ала куль­ти­ва­ци­я­лау
Сақ­тау
Ақ­па­рат кө­зі
Ор­та, аэра­ция, се­бу әді­сі (штрих, шан­шу), жа­сы (өсу фа­за­сы), ты­ны­штық­та­ғы жа­су­ша­лар спо­ра­ла­ры­ның пай­да бо­луын ын­та­лан­ды­ру­шы жағ­дай­лар
Сақ­тау тем­пе­ра­ту­ра­сы
Қай­та се­бу­дің ұсы­ны­ла­тын мер­зім­де­рі
Тір­ші­лік ету қа­бі­ле­тін сақ­та­удың ба­рын­ша көп ұз­ақ­тығы
Сақ­тау ке­зін­де қа­си­ет­тер­дің өзге­руі
Минералды майда сақтау:
Ал­дын ала куль­ти­ва­ци­я­лау
Сақ­тау
Ақ­па­рат кө­зі
Ор­та, аэра­ция, се­бу әді­сі (штрих, шан­шу), жа­сы (өсу фа­за­сы), ты­ны­штық­та­ғы жа­су­ша­лар спо­ра­ла­ры­ның пай­да бо­луын ын­та­лан­ды­ру­шы жағ­дай­лар
Сақ­тау тем­пе­ра­ту­ра­сы
Қай­та се­бу­дің ұсы­ны­ла­тын мер­зім­де­рі
Тір­ші­лік ету қа­бі­ле­тін сақ­та­удың ба­рын­ша көп ұз­ақ­тығы
Сақ­тау ке­зін­де қа­си­ет­тер­дің өзге­руі
Суда немесе сулы ерітінділерде сақтау:
Ал­дын ала куль­ти­ва­ци­я­лау
Сақ­тау
Ақ­па­рат кө­зі
Ор­та, аэра­ция, се­бу әді­сі (штрих, шан­шу), жа­сы (өсу фа­за­сы), ты­ны­штық­та­ғы жа­су­ша­лар спо­ра­ла­ры­ның пай­да бо­луын ын­та­лан­ды­ру­шы жағ­дай­лар
Су (ері­т­ін­ді)
Сақ­тау тем­пе­ра­ту­ра­сы
Қай­та се­бу­дің ұсы­ны­ла­тын мер­зім­де­рі
Тір­ші­лік ету қа­бі­ле­тін сақ­та­удың ба­рын­ша көп ұз­ақ­тығы
Сақ­тау ке­зін­де қа­си­ет­тер­дің өзге­руі
Лиофилизацияланған (l-кептірілген) күйде сақтау:
Ал­дын ала куль­ти­ва­ци­я­лау
Лио­фи­ли­за­ция (L-кеп­ті­ру)
Сақ­тау тем­пе­ра­ту­ра­сы
Ор­та, аэра­ция, се­бу әді­сі (штрих, шан­шу неме­се), жа­сы (өсу фа­за­сы), ты­ны­штық­та­ғы жа­су­ша­лар спо­ра­ла­ры­ның пай­да бо­луын ын­та­лан­ды­ру­шы жағ­дай­лар
Қор­ғау ор­та­сы
Жа­су­ша­лар кон­цен­тра­ци­я­сы
Эк­ви­либ­ра­ция уа­қы­ты мен тем­пе­ра­ту­ра­сы
Лио­фи­ли­за­ция ре­жи­мі (L-кеп­ті­ру)
Қал­дық ылғал­ды­лық
Төмен (Цельсий бойынша минус 20 градустан Цельсий бойынша 90 градусқа дейін) және өте төмен температурада (сұйық азот пен оның буларында) сақтау:
Ал­дын ала куль­ти­ва­ци­я­лау
Кон­сер­ва­ция
Сақ­тау
Ор­та, тем­пе­ра­ту­ра, аэра­ция, жа­сы (өсу фа­за­сы), спо­ра­лар­дың пай­да бо­луын ын­та­лан­ды­ру­шы жағ­дай­лар
Кон­сер­ва­ци­я­ла­у­ға ар­нал­ған ма­те­ри­ал: сус­пен­зия агар бл­ок­та­ры
Крио­про­тек­тор
Жа­су­ша­лар кон­цен­тра­ци­я­сы
Эк­ви­либ­ра­ция уа­қы­ты мен тем­пе­ра­ту­ра­сы
Сақ­тау ре­жи­мі

4 Себу немесе жою мақсатында микроорганизм штамдары бар ыдысты ашу актісі

Ветеринария саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік микроорганизмдердің
жұмыс коллекцияларын қалыптастыру,
жүргізу және күтіп-бағу
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Себу немесе жою мақсатында микроорганизм штамдары бар ыдысты ашу актісі
20 __ жылғы __________ №_____
Біз, төменде қол қоюшылар,
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(рұқсат берушінің лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_____________________________________________________ рұқсатына сәйкес
(рұқсаттың нөмірі мен күні)
____________________________________________________________________
(штамм түрінің атауы және жеке нөмірі, штамм саны)
__________________________________________________________мақсатында
(микроорганизмдерді себу немесе оны жою)
_____________________________________ микроорганизм бар ыдысты аштық.
____________________________________________________________________
(сыйымдылықтың атауы және саны)
____________________________________________________________________
Патогенді микрорганизмнің қалдықтары бар сыйымдылық (тар)
_____________________автоклавтау_________________________ (күні)
(автоклавтау режимі)
немесе________________________________________________________________
(дезинфекциялық ерітіндінің атауы,оның концентрациясы,
зарарсыздандыру уақыты)
батыру арқылы зарарсыздандырылды.
Сыйымдылық (тарды) ашу күні: ___________________________________________
Жасағандар: __________________________________________ ____________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы )

5 Зерттеу хаттамасы

Ветеринария саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік микроорганизмдердің
жұмыс коллекцияларын қалыптастыру,
жүргізу және күтіп-бағу
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Зерттеу хаттамасы
20___жылғы «___» __________ бастап 20___жылғы «___»________ дейін
Зерттеу мақсаты ______________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Материалдар мен жабдықтар ___________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Зерттеу әдістері _____________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Зерттеу нәтижелері __________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қорытынды __________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Орындаушылар: _________________________________ ________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Күні:

6 Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін субъектілер немесе олардың бөлімшелері арасында микроорганизмдер штамдарын босату/алу актісі

Ветеринария саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік микроорганизмдердің
жұмыс коллекцияларын қалыптастыру,
жүргізу және күтіп-бағу
қағидаларына 6-қосымша
Нысан
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін субъектілер немесе олардың бөлімшелері арасында микроорганизмдер штамдарын босату/алу актісі
20___жылғы __________ №___
Біз, төменде қол қоюшылар, ____________________________________________
____________________________________________________________________
(патогенді микроорганизмді берген адамның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар
болса), тегі,беру орны)
____________________________________________________________________
(патогенді микроорганизмді алған адамның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар
болса) , тегі)
____________________________ рұқсатына сәйкес
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(штамм түрінің атауы, саны, штамның жеке нөмірі)
____________________________________________________________________
(сыйымдылықтардың түрі мен саны, қаптаманың түрі)
____________________________________________________________________
патогенді микроорганизмді берудің жүргізілгені туралы осы актіні жасадық.
Беру күні
_____________________________________________________________________
Тапсырды: __________________________________ ____________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Қабылдады: _________________________________ ____________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

7 Микроорганизм штамдарының қозғалысын есепке алу журналы

Ветеринария саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік микроорганизмдердің
жұмыс коллекцияларын қалыптастыру,
жүргізу және күтіп-ұстау
қағидаларына 7-қосымша
Нысан
Микроорганизм штамдарының қозғалысын есепке алу журналы
Рет­тік нө­мі­рі
Ке­ліп түс­кен кү­ні
Ла­тын тран­скрип­ци­я­сын­да­ғы штам­ның ата­уы
Штам­ның же­ке нө­мі­рі
Бө­лі­ну кө­зі
Бө­лі­ну кү­ні
Бө­лі­ну ор­ны
Штамм жі­бер­ген ұй­ым­ның/құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ата­уы
Штам­дар бар сый­ым­ды­лық­тар са­ны
Штам­ды сақ­тау, бе­ру неме­се жою ту­ра­лы бел­гі
Сақ­та­удың, бе­ру­дің неме­се жо­ю­дың ба­ста­лу кү­ні
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

8 Микроорганизмдер штамдарын буып-түю актісі

Ветеринария саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік микроорганизмдердің
жұмыс коллекцияларын қалыптастыру,
жүргізу және күтіп-ұстау
қағидаларына 8-қосымша
Нысан
Микроорганизмдер штамдарын буып-түю актісі
Күні __________
Біз, төменде қол қоюшылар, ________________________________________
_________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
өкімдік құжаттың (бұйрықтың, рұқсаттың) негізінде төменде келтірілген кестеге сәйкес микроорганизмдердің мынадай штамдарын буып-түюді жүргіздік

Мик­ро­ор­га­низм шта­мы­ның ата­уы
Са­ны
Микроорганизмдердің штамдары (қандай түрде) мөрленген температуралық режимді ұстап тұру үшін тоңазытатын элементтері бар термоқаптарға орналастырылған, адсорбциялайтын материалы бар герметикалық контейнерге қапталып салынған.
Қолтаңбалар:

9 Қаптаманы ашу актісі

Ветеринария саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік микроорганизмдердің
жұмыс коллекцияларын қалыптастыру,
жүргізу және күтіп-бағу
қағидаларына
9- қосымша
Нысан
Қаптаманы ашу актісі
Күні __________
Біз, төменде қол қоюшылар, _________________________________
__________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)
өкімдік құжаты (бұйрық, рұқсат) негізінде келтірілген кестеге сәйкес микроорганизмнің берілген штамы бар контейнерді ашуды жүргіздік.

Микроорганизм штамының атауы
Коллекциялық нөмірі
Саны
Микроорганизм штамының саны____________ (флакон, ампула, пробирка, криопробирка)
Температуралық режимі ____________
Бастапқы орамда штамдардың атауымен заттаңбасы бар (иә / жоқ)
Бастапқы ораманың дайындалған күні бар (иә / жоқ)
Бастапқы орамада бүтіндігі(иә / жоқ)
Материалдың кебуі (иә / жоқ)
Қолтаңбалар:

10 Микроорганизм штамын жою турлы акті 20___жылғы __________ №___

Ветеринария саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік микроорганизмдердің
жұмыс коллекцияларын қалыптастыру,
жүргізу және күтіп-бағу
қағидаларына
10-қосымша
Нысан
Микроорганизм штамын жою турлы акті
20___жылғы __________ №___
Біз, төменде қол қоюшылар, ____________________________________________
_____________________________________________________________________
(лаузымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(рұқсат берген адамның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_____________________________________________________________________
(рұқсат нөмірі мен күні)
рұқсатына сәйкес ______________________________________________________
(түрдің атауы, штамм / изолят нөмірі, объектілер саны)
______________________________________________________________________
автоклавтау _____________________________________________________ немесе
(автоклавтау режимі)
_______________________________________________________________________
(дезинфекциялық ерітінді атауы, оның шоғырлануы, зарарсыздандыру уақыты)
__________________________________________________________ батыру арқылы
кейіннен термиялық жоя отырып (кәдеге жарата отырып)
________________________________________________________________________
(термиялық жоюдың (кәдеге жаратудың) күні мен режимі)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(штамм түрінің атауы, нөмірі, объектілер саны)
___________________________________________________________ микроорганизм
штамын жойдық.
Құрастырушылар: _________________________________ ___________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Күні:

11 Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штамдары туралы ақпарат

Ветеринария саласында
пайдаланылатын патогенді және
өнеркәсіптік микроорганизмдердің
жұмыс коллекцияларын
қалыптастыру, жүргізу және
күтіп-бағу қағидаларына
11-қосымша
Нысан
Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штамдары туралы ақпарат

Мик­ро­ор­га­низм шта­мы­ның ата­уы
Штам­дар бар сый­ым­ды­лық­тар са­ны
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да
Ке­ліп түс­ке­ні/жой­ы­л­ға­ны
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да қал­ға­ны
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
Орындаушы: _____________________________________________ ___________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Күні:

Қолданыстағы