Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил распределения инвестиционного дохода от управления активами, переданными в доверительное управление и учитываемыми на счете, открытом в центральном депозитарии для учета невостребованных денег

Қаулы · № 104 · қабылданған 23.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-174490/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил распределения инвестиционного дохода от управления активами, переданными в доверительное управление и учитываемыми на счете, открытом в центральном депозитарии для учета невостребованных денег Қолданыста Қаулы ·№ 104 ·23.11.2022
26.06.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил распределения инвестиционного дохода от управления активами, переданными в доверительное управление и учитываемыми на счете, открытом в центральном депозитарии для учета невостребованных денег

Қолданыста Қаулы ·№ 104 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил распределения инвестиционного дохода от управления активами, переданными в доверительное управление и учитываемыми на счете, открытом в центральном депозитарии для учета невостребованных денег
Атауы (қаз.)
Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
104
Қабылданған күні
23.11.2022
Көрсетілген редакция
26.06.2023 174490_642101.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030797
ЭКБ идентификаторы
174490
Редакция идентификаторы
174490_642101
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:48

0 Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидаларын бекіту туралы

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 80-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидалары бекітілсін.

2 2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

0 Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 104 қаулысына
қосымша
Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке
алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді
басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидалары
Осы Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 80-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу тәртібін айқындайды.

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Орталық депозитарийдегі және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін ашылған шотта есепке алынатын активтерді сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) мен орталық депозитарий арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) негізінде Ұлттық Банк жүзеге асырады.

2 2. Шарт жазбаша нысанда жасалады. Шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 44-тарауына сәйкес мүлікті сенімгерлік басқару шарты туралы нормалар қолданылады.

3 3. Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқару нәтижесінде алынған инвестициялық кіріс (бұдан әрі – инвестициялық кіріс) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.

4 4. Ұлттық Банк шартқа сәйкес, бірақ жылына кемінде бір рет инвестициялық кіріс сомасы туралы орталық депозитарийге хабарлайды.

5 5. Инвестициялық кіріс талап етілмеген ақшасы алдыңғы жылы орталық депозитарийде талап етілмеген ақшаға арналған шотта есепке алынған тұлғаларға не осы тұлғалардың мұрагерлеріне (құқықтық мирасқорларына) есептеледі.

6

6. Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғаларға инвестициялық кірісті есептеу мақсатында орталық депозитарий күнтізбелік жылдың бірінші айының 15-нен кешіктірмей өзінің есепке алу жүйесінің деректері негізінде ағымдағы жылғы бірінші қаңтардағы сағат 00:00-дегі жағдай бойынша осындай тұлғалардың тізімін (бұдан әрі – тізім) қалыптастырады.

7 7. Инвестициялық кірісті орталық депозитарий қалыптастырылған тізімде көрсетілген тұлғаларға күнтізбелік жылдың бірінші айының соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді.

2 2-тарау. Инвестициялық кірісті бөлу тәртібі

8

8. Тізімге енгізілген адамдарға бөлуге жататын инвестициялық кіріс сомасын анықтау мақсатында, орталық депозитарий Ұлттық Банкпен салыстырылған инвестициялық кіріс сомасынан Ұлттық Банктің сенімгерлік басқару үшін комиссиясының сомасын, талап етілмеген ақшаны сенімгерлік басқаруға байланысты Ұлттық Банк іс жүзінде жұмсаған шығыстардың сомасын, сондай-ақ талап етілмеген ақшаны инвестициялау үшін орталық депозитарийдің комиссиясын шегереді.

9

9. Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелген инвестициялық кіріс сомасын тізімге енгізілген тұлғалардың әрқайсысына бөлуді орталық депозитарий осы тұлғаға тиесілі ақша қалдығының сомасына және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта оны сақтау уақытына тепе-тең жүзеге асырады.

10 10. Тізімге енгізілген тұлғалардың әрқайсысына бөлінуге тиіс сома үтірден кейін екі белгіге дейін дөңгелектенуге тиіс.

Егер жеке тұлғаның инвестициялық кірісінің сомасы бір тиыннан кем болса, онда осы тұлғаға инвестициялық кіріс есептелмейді.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

11 11. Қағидаларда реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, шартқа және (немесе) орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес шешіледі.

Қолданыстағы