Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 2606 · қабылданған 14.11.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-174572/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Күшін жойған 27.03.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Күшін жойған Қаулы № 2606 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2606
Қабылданған күні
14.11.2022
Көрсетілген редакция
27.03.2023 174572_631418.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NA02606A
ЭКБ идентификаторы
174572
Редакция идентификаторы
174572_631418
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:04
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 1185 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «БК-СТРОЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кабельдік желіні және таратқыш қосалқы станцияны жүргізу үшін Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0444 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.