О признании утратившими силу некоторых решений маслихата города Шымкент
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений маслихата города Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 22/211-VII
- Қабылданған күні
- 25.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2022 174646_603020.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22E0030902
- ЭКБ идентификаторы
- 174646
- Редакция идентификаторы
- 174646_603020
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:42
0 Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Шымкент қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Шымкент қаласы
мәслихатының
2022 жылғы 25
қарашадағы
№ 22/211-VII
шешіміне қосымша
Шымкент қаласы мәслихатының күші жойылды
деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34 болып тіркелген).
2. «Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35 болып тіркелген).
3. «Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 56/472-6с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 64 болып тіркелген).
4. «Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/634-6с шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 135 болып тіркелген).
5. «Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/633-6с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 136 болып тіркелген).
6. «Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 3/24-VII шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 161 болып тіркелген).