Құжат мәтініне өту

О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Аналитический центр экономической политики в агропромышленном комплексе» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 949 · қабылданған 25.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-174720/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Аналитический центр экономической политики в агропромышленном комплексе» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 949 ·25.11.2022
25.11.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Аналитический центр экономической политики в агропромышленном комплексе» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 949 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Аналитический центр экономической политики в агропромышленном комплексе» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
«Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесін cыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
949
Қабылданған күні
25.11.2022
Көрсетілген редакция
25.11.2022 174720_603503.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000949
ЭКБ идентификаторы
174720
Редакция идентификаторы
174720_603503
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:42

0

«Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесін cыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҰАҒБО» КеАҚ) «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) «ҰАҒБО» КеАҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2 2) «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласы»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-207-жолмен толықтырылсын:
«21-207. «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-39-жолмен толықтырылсын:
«205-39. «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».

3 3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
«8. «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
__________________________________

Қолданыстағы