Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил мониторинга государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Бұйрық · № 673 · қабылданған 01.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-174729/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил мониторинга государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности Қолданыста Бұйрық ·№ 673 ·01.12.2022
01.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил мониторинга государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Қолданыста Бұйрық ·№ 673 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил мониторинга государственных закупок и закупок товаров, работ, услуг в области энергосбережения и повышения энергоэффективности
Атауы (қаз.)
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
673
Қабылданған күні
01.12.2022
Көрсетілген редакция
01.12.2022 174729_643691.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030915
ЭКБ идентификаторы
174729
Редакция идентификаторы
174729_643691
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:28

0 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын бекіту туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

0 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидалары

Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 673 бұйрығымен
бекітілген
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингінің тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жұмыстар – заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

2 2) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет;

3

3) мемлекеттік сатып алу – Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетуге байланысты халықаралық әуежайлардың кірістерін қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы;

4 4) сатып алу – «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде тапсырыс берушілердің сатып алуы;

5

5) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

6

6) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, зияткерлiк меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;

7 7) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8 8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық институты (бұдан әрі – Ұлттық институт) – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға.

2 2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингінің тәртібі

3

3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін (бұдан әрі – мониторинг) уәкілетті орган жылына кемінде бір рет жүргізеді және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 627 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30527 болып тіркелген) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды (бұдан әрі - энергия тиімділігі бойынша талаптар) тапсырыс берушілермен сақтау мақсатында өткізілген мемлекеттік сатып алу және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, жүйелендіруді және бағалауды қамтиды.

4

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № 619 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30465 болып тіркелген) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) көзделген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мониторинг объектісі болып табылады.

5 5. Уәкілетті орган жыл сайын 10 қаңтарға дейін мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға өткізілген мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат беру туралы сұрау салуды жібереді.

6 6. Мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган сұрау салуды алған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат береді.

7 7. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органнан мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны Ұлттық институтқа жібереді.

8

8. Ұлттық институт уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізген кезде және мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін жаңарту бойынша ұсынымдарды дайындауға келесідей жәрдемдеседі:

1 1) есепті кезеңде өткізілген мемлекеттік сатып алу мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың энергия тиімділігі жөніндегі талаптардың сәйкестігіне талдау жүргізеді;

2 2) жыл сайын 30 сәуірге дейін уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды талдау қорытындылары бойынша аралық есепті ұсынады;

3

3) жыл сайын 10 қазанға дейін уәкілетті органға өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік сатып алу мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ тізбені өзектендіру жөніндегі ұсынымдарды өзгерту серпінін қамтитын мемлекеттік сатып алу мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды талдау қорытындылары бойынша қорытынды есепті енгізеді.

9 9. Уәкілетті орган Ұлттық институттың есептері негізінде:

1

1) жыл сайын, 25 қазанға дейінгі мерзімде мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды сақтамайтын тапсырыс берушілерге тиісті ұсынымдар жібереді және жыл сайынғы талдау нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

2 2) тізбені өзектендіруді жүргізеді.

1 Мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат

Энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру саласындағы
мемлекеттік сатып алу және тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
сатып алу мониторингі
қағидаларына қосымша
Нысан
Мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат

Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің БСН
Та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы
Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің өңі­рі
ТЖҚК
ТЖҚК ата­уы
Қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
Қо­сым­ша си­патта­ма­сы*
Ха­бар­лан­ды­ру нө­мі­рі
Ха­бар­лан­ды­ру­дың ата­уы
Ха­бар­лан­ды­ру­дың жа­ри­я­лан­ған кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Кестенің жалғасы
Шар­ттың нө­мі­рі
Шар­ттың жа­сал­ған кү­ні
Шарт со­ма­сы (ҚҚС-сыз)
Шарт мәні­нің нө­мі­рі
Шарт мәні­нің со­ма­сы (ҚҚС-сыз)
Жет­кі­зу­ші­нің БСН
Жет­кі­зу­ші­нің ата­уы
12
13
14
15
16
17
18
* Қосымша сипаттама тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамаларында қамтиды.
Аббревиатураның толық жазылуы:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ТЖҚК - Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды;
ҚҚС - Қосылған құн салығы.

Қолданыстағы