Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Сузакскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Сузакскому району
- Атауы (қаз.)
- Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 23.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2022 174737_603317.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22UL030848
- ЭКБ идентификаторы
- 174737
- Редакция идентификаторы
- 174737_603317
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:49
0 Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабы 3тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) Созақ аудандық мәслихатының «Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 55 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3953 болып тіркелген);
2
2) Созақ аудандық мәслихатының «Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №55 «Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 13 наурыздағы №225 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4930 болып тіркелген).
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 140 Шешімге қосымша
Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы
Есептік бірлік
Теңге (қосылған құн салығынсыз)
Жайлы үйлер
1 тұрғын, айына
115
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын, айына
120
Бірлік (көлеміне) жылдық тариф
1м3
2150