Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 229
- Қабылданған күні
- 25.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2022 174738_603997.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22M000229A
- ЭКБ идентификаторы
- 174738
- Редакция идентификаторы
- 174738_603997
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:40
0 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының
мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 06 қазандағы № 01-02/164 хаттамасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2.«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3.Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбасаровқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2022 жылғы «25» қарашадағы
№ 229 қаулысына қосымша
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
№
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының атауы
Өлшем бірлігі
Мөлшері
Мерзімі
1.
Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
1 килограмм
4360 теңге
30 күн
2.
Ақ қант-құмшекер
1 килограмм
507 теңге
30 күн