Об утверждении Правил предоставления инвестиционной рекомендации индивидуальному инвестору, квалификационных требований к работнику организации, осуществляющей брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления инвестиционной рекомендации индивидуальному инвестору, квалификационных требований к работнику организации, осуществляющей брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем
- Атауы (қаз.)
- Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидаларын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 105
- Қабылданған күні
- 23.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2022 174751_618408.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030930
- ЭКБ идентификаторы
- 174751
- Редакция идентификаторы
- 174751_618408
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:48
0 Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидаларын,
бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 53-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидалары, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2 2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидалары, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттік Төрағасының м.а.
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 105 Қаулыға
қосымша
Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидалары,
бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті
және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын
біліктілік талаптары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидалары, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 53-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді және дара инвесторға инвестициялық ұсынымдар беру тәртібін, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.
2 2-тарау. Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру тәртібі және дара инвестордың тәуекел-бейінін анықтау
2
2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкері (бұдан әрі – инвестициялық консультант) инвестициялық консультация беру жөніндегі қызметтер көрсету туралы шарт негізінде жеке инвестициялық ұсынымдар беру арқылы дара инвесторларға бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу жөнінде консультациялар беру жөнінде қызметтер көрсетеді.
Жеке инвестициялық ұсынымның мазмұнына қойылатын талаптар бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі құжатымен белгіленеді.
3
3. Инвестициялық ұсыным инвестициялық консультант дара инвестордың тәуекел-бейінін айқындағаннан кейін беріледі. Инвестордың тәуекел-бейіні инвестордың нысаны инвестициялық консультанттың ішкі құжатымен белгіленетін сауалнаманы толтыру жолымен айқындалады. Тәуекел-бейінін бағалау дегеніміз – инвестор күтетін инвестицияның кірістілігі, инвестициялау аясы және инвестициядан болатын шығындардың рұқсат етілген тәуекелі туралы ақпарат.