Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления инвестиционной рекомендации индивидуальному инвестору, квалификационных требований к работнику организации, осуществляющей брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем

Қаулы · № 105 · қабылданған 23.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-174751/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления инвестиционной рекомендации индивидуальному инвестору, квалификационных требований к работнику организации, осуществляющей брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем Қолданыста Қаулы ·№ 105 ·23.11.2022
23.11.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления инвестиционной рекомендации индивидуальному инвестору, квалификационных требований к работнику организации, осуществляющей брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем

Қолданыста Қаулы ·№ 105 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления инвестиционной рекомендации индивидуальному инвестору, квалификационных требований к работнику организации, осуществляющей брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем
Атауы (қаз.)
Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидаларын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
105
Қабылданған күні
23.11.2022
Көрсетілген редакция
23.11.2022 174751_618408.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030930
ЭКБ идентификаторы
174751
Редакция идентификаторы
174751_618408
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:48

0 Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидаларын,

бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 53-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидалары, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидалары, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттік Төрағасының м.а.
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 105 Қаулыға
қосымша
Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидалары,
бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті
және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын
біліктілік талаптары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру қағидалары, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 53-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді және дара инвесторға инвестициялық ұсынымдар беру тәртібін, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.

2 2-тарау. Дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру тәртібі және дара инвестордың тәуекел-бейінін анықтау

2

2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкері (бұдан әрі – инвестициялық консультант) инвестициялық консультация беру жөніндегі қызметтер көрсету туралы шарт негізінде жеке инвестициялық ұсынымдар беру арқылы дара инвесторларға бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу жөнінде консультациялар беру жөнінде қызметтер көрсетеді.
Жеке инвестициялық ұсынымның мазмұнына қойылатын талаптар бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі құжатымен белгіленеді.

3

3. Инвестициялық ұсыным инвестициялық консультант дара инвестордың тәуекел-бейінін айқындағаннан кейін беріледі. Инвестордың тәуекел-бейіні инвестордың нысаны инвестициялық консультанттың ішкі құжатымен белгіленетін сауалнаманы толтыру жолымен айқындалады. Тәуекел-бейінін бағалау дегеніміз – инвестор күтетін инвестицияның кірістілігі, инвестициялау аясы және инвестициядан болатын шығындардың рұқсат етілген тәуекелі туралы ақпарат.

4 4. Инвестициялық консультант жеке инвестордың тәуекел-бейінін айқындау үшін Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ақпаратты ұсынбаған жеке инвесторға инвестициялық ұсыным бермейді.

5 5. Дара инвестордың тәуекел-бейінін айқындау үшін инвестициялық консультант сауалнама жүргізу арқылы мынадай ақпаратты сұратады:

1 1) жасы;

2 2) білімі;

3 3) соңғы 12 ай ішіндегі ай сайынғы табысы;

4 4) соңғы 12 ай ішіндегі ай сайынғы шығысы (тіркелген шығыстары және өзгермелі шығыстары);

5 5) инвестор инвестициялық ая кезеңінде пайдалануды жоспарлаған қаражатты қоспағанда, бос қаражаттың болуы;

6 6) инвестициялаудың болжамды мерзімі;

7 7) дара инвестор өзінің инвестициялауы нәтижесінде көтеруге даяр ең жоғары зиян;

8 8) дара инвестор өзінің инвестициялауы нәтижесінде алуға даяр ең жоғары кіріс;

6 6. Жүргізілген сауалнаманың нәтижелері бойынша инвестициялық консультант инвестордың тәуекел-бейінін жасайды, ол мыналардан:

1 1) инвестор күтетін инвестицияның кірістілігі туралы ақпарат, инвестор оның шегінен тыс осы табысты алуды күтетін инвестициялау аясы және осы инвестициядан болуы мүмкін зияндар тәуекелі;

2 2) дара инвесторға барынша тиімді инвестициялық ұсынымдар алу мақсатында бұрын ұсынылған деректердің өзгеруі туралы инвестициялық консультантты хабардар ету қажеттілігі туралы ұсыныс.

7 7. Инвестициялық консультант инвестордан алынған ақпараттың сақталуын, конфиденциалдылығын және өзгермеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ инвестициялық ұсынымдар беруге байланысты барлық құжаттардың бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары

8 8. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның инвестициялық ұсыным беруге құқығы бар қызметкері мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

1 1) жоғары білімінің болуы;

2 2) бағалы қағаздар нарығында трейдер, қаржыны нарығының талдаушысы, тәуекел-менеджері, инвестициялық консультант не инвестициялық портфельді басқарушы ретінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Қолданыстағы