Құжат мәтініне өту

О порядке приобретения на вторичном рынке ценных бумаг тридцати и более процентов голосующих акций общества

Қаулы · № 361 · қабылданған 22.10.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17510/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О порядке приобретения на вторичном рынке ценных бумаг тридцати и более процентов голосующих акций общества Күшін жойған Қаулы ·№ 361 ·22.10.2003
12.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке приобретения на вторичном рынке ценных бумаг тридцати и более процентов голосующих акций общества

Күшін жойған Қаулы ·№ 361 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке приобретения на вторичном рынке ценных бумаг тридцати и более процентов голосующих акций общества
Атауы (қаз.)
О порядке приобретения на вторичном рынке ценных бумаг тридцати и более процентов голосующих акций общества
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
361
Қабылданған күні
22.10.2003
Көрсетілген редакция
12.02.2012 AI17510_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002560_
ЭКБ идентификаторы
17510
Редакция идентификаторы
AI17510_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:52

0 Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін бағалы қағаздардың қайталама рыногында сатып алу тәртібі туралы

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1

1. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірге сатып алғысы келетін тұлғаның қоғамға және бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға акцияларды сатып алудың болжанған кезеңі басталғанға дейінгі он күннен кешіктірмей осы қаулыға қосымшаның нысаны бойынша хабарлама жіберетіні белгіленсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

3 3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап:

1

1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Акциялардың ірі пакеттерін сатып алу шарттары туралы" 1998 жылғы 26 қазандағы N 182 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 656 тіркелген, 1999 жылғы ақпанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" N 2 журналында жарияланған);

2

2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Ашық халықтық акционерлік қоғамның акцияларын сатып алу жөнінде ақпарат беру тәртібі туралы" 1998 жылғы 3 қарашадағы N 187 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 650 тіркелген, 1999 жылғы ақпанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" N 2 журналында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

5

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

6 Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін бағалы қағаздардың қайталама рыногында сатып алу туралы хабарлама

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қоғамның дауыс беретін
акцияларының отыз және одан
да көп процентін бағалы
қағаздардың қайталама
рыногында сатып алу тәртібі
туралы" 2003 жылғы
23 қазандағы N 361 қаулысына
қосымша
Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін бағалы қағаздардың қайталама рыногында сатып алу туралы хабарлама
Осы хабарламамен акция сатып алу туралы ниетімізді білдіреміз:
акционерлік қоғам ________________ (бұдан әрі - қоғам);
саны _____________________________________________;
акциялардың түрі _________________________________;
бір акцияны сатып алудың болжамды бағасы (теңгемен) ________.

1 1. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін сатып алғысы келетін тұлға және оның аффилиирленген тұлғалары туралы мәлімет (әрбір тұлғаға жеке-жеке ақпарат беріледі):

жеке тұлға үшін:

1 1) оның жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес аты-жөні, бар болса әкесінің аты;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні және берген орган;

3 3) азаматтығы;

4 4) тұрғылықты жері;

5 5) коммуникациялық деректемелері: телефонның, факстің, телекстің, телетайптың нөмірлері, электрондық почтаның адресі және басқа ықтимал коммуникациялық деректемелер;

заңды тұлға үшін:

1 1) оның мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы;

2 2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

3 3) орналасқан жері;

4 4) коммуникациялық деректемелері: телефонның, факстің, телекстің, телетайптың нөмірлері, электрондық почтаның адресі және халықаралық және қаларалық байланыстардың коды көрсетілген басқа ықтимал коммуникациялық деректемелер;

5 5) оған негізгі кіріс әкелетін қызмет түрлерінің тізбесі.

2 2. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін, дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірге сатып алғысы келетін тұлғаға тиесілі, сондай-ақ олардың басқаруындағы қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны.

3 3. Қоғамның акцияларын сатып алу барысында қызмет көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының атауы.

Қолы
Заңды тұлға
мөрінің орны

Қолданыстағы