Қолданыстағы ред. 29.10.2003 (Редакция 17523_287005.kaz)

Аудан әкімиятты жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы от 29.10.2003 г. № 159 (Аудан әкімиятты жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы)

0

Аудан әкімиятты жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қыркүйектегі 1999 жылғы № 1292 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімияты жанынан тұрғын үй комиссиясы құрылсын және тұрғын үй комиссиясының жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.

2

2. Аудан әкімияты жанындағы тұрғын үй беру Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сатым Ғалымұлы Шәуеновке жүктелсін.

4. Аудан әкімияты жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ

Тасқала ауданы әкімиятының
2003 жылғы 28 қазандағы
№ 159 қаулысымен бекітілді
Аудан әкімияты жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Аудандық тұрғын үй комиссиясы (әрі қарай - комиссия) аудан әкімияты жанындағы тұрақты жұмыс жасайтын комиссия болып табылады.

2

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы" № 1292 қаулысын, осы Ережені және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

3

3. Комиссия тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің, қаржы бөлімінің, денсаулық сақтау бөлімінің, аудандық әскери комиссариаттың және басқа да мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді ұсынуда мүдделі бөлімдерін біріктіреді.

2. 2. Комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері

2. Комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері

4

4. Комиссия осы елді-мекенде тұрақты тұрып жатқан (тұру мерзімін есептемегенде) аудан азаматтарына және аз қамтылған әлеуметтік қорғалатын тұрғындарға, сонымен қатар үймен қамтамасыз етілмеген мемлекеттік сайлау жұмысшыларына, мемлекеттік қызметкерлерге тұрғын үй пайдалануды ұсыну мақсатында құрылып отыр.

5

5. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы органның алдында жауапты. Мемлекеттік тұрғын үйді ұсыну комиссиясының шешімі негізінде, жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітіледі.

6

6. Комиссияның негізгі міндеттеріне келесі сұрақтар қатысты:

1

1) мемлекеттік қордан тұрғын үй ұсыну кезегін анықтау;

2

2) тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген аудан азаматтарының бөлек тізімдерінің есебі;

3

3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға есепте тұрған тұлғалардың тізімдерін ұсыну, сонымен қатар тұлғалардың талабы бойынша танысу үшін, соңғы 24 ай ішінде тұрғын үй алған тұлғалардың тізімдері. Осы тізімдердің нысандарына міндетті түрде отбасы, есепке тұру уақыты туралы мәлімдемелер, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін негіздеме және оның көлемі, тұрғын үйді ұсыну уақыты кіру керек.

7

7. Азаматтарға тұру үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан ұсынып отырған үй жайластырылған, өңделген күйде, техникалық, санитарлық, және басқа да талаптарға сай, үймен қамтамасыз етілмеген есепте тұрған осы елді-мекеннің жағдайларына сәйкес келу керек.

3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

8

8. Комиссияның құрамы төрағадан (аудан әкімінің орынбасары), комиссия мүшелерінен және атқарушы органның штаттың лауазымдағы комиссия хатшысынан құрылады.

9

9. Комиссияны төраға басқарады, ол комиссия қызметін басқарады, комиссияның отырысында төрағалық етіп, жұмысын жоспарлап шешімдерінің жүзеге асырылуына бақылау жасап және комиссия атқаратын қызметіне жауапты. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары орындайды.

10

10. Комиссия хатшысы:

1

1) Комиссия отырысының күн тәртібін реттейді;

2

2) Комиссияның шешімдерін орындалуын бақылап, қамтамасыз етеді;

3

3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.

11

11. Комиссияның отырыстары қажет болған жағдайда, бірақ жарты жылда бір реттен кем емес өткізіледі және төрағамен шақырылады.

12

12. Комиссияда қаралатын сұрақтар тізімі төрағамен бекітіледі. Бекітілген сұрақтар тізімі комиссия мүшелеріне жіберіледі.

13

13. Комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша, төрағаның қол қойылуымен хаттама құрастырылады. Комиссия шешімдері қарапайым көпшілік ашық дауыспен және комиссияның жалпы мүшелері санының көпшілік дауыс берген жағдайда қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданады.

14

14. Комиссия мүшелері өз ойларын айтуға құқылы, егер ондай ой айтылатын болса жазбаша түрде жасалып комиссия отырысының хаттамасына тіркеледі.

15

15. Шешімді тез арада қабылдайтын жағдайда, төрағаның шақыруы бойынша комиссия отырысының кезектен тыс өткізілуі мүмкін.