О переименовании некоторых улиц сел Переметное и Калининское Переметнинского сельского округа района Бәйтерек Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых улиц сел Переметное и Калининское Переметнинского сельского округа района Бәйтерек Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Переметный және Калинин ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 08.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2022 175429_608079.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22ZGA31113
- ЭКБ идентификаторы
- 175429
- Редакция идентификаторы
- 175429_608079
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:11
0 Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Переметный және Калинин ауылдарының кейбір
көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Переметный және Калинин ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1 1. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Переметный ауылының келесі көшелері:
60 лет КССР көшесі Ақсай көшесіне;
Кооперативная көшесі Қайнар көшесіне;
Ломаная көшесі Алтай көшесіне;
Молодежная көшесі Бірлік көшесіне;
Первомайская көшесі Медеу көшесіне;
Почтовая көшесі Арман көшесіне;
Родниковая көшесі Арасан көшесіне;
Ростошинская көшесі Жанша Досмұхамедұлы көшесіне;
Сенная көшесі Жайық көшесіне;
Чапаева көшесі Ақ Орда көшесіне;
Громова көшесі Алпамыс батыр көшесіне қайта аталсын.
2 2. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Калинин ауылының келесі көшелері:
Калинин көшесі Сарайшық көшесіне;
Кирова көшесі Құрманғазы көшесіне;
Куйбышева көшесі Әл - Фараби көшесіне;
Фрунзе көшесі Абай көшесіне;
Энгельса көшесі Тұран көшесіне қайта аталсын.