Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан

Қаулы · № 1011 · қабылданған 15.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-175545/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста 15.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы № 1011 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1011
Қабылданған күні
15.12.2022
Көрсетілген редакция
15.12.2022 175545_609726.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001011
ЭКБ идентификаторы
175545
Редакция идентификаторы
175545_609726
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:59
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Тұран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі үшін көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы 175-1-тармақпен толықтырылсын:
«175-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Тұран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.».

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.