Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 286 · қабылданған 13.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-175563/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 286 ·13.12.2022
13.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 286 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
286
Қабылданған күні
13.12.2022
Көрсетілген редакция
13.12.2022 175563_608936.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NJ00286A
ЭКБ идентификаторы
175563
Редакция идентификаторы
175563_608936
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:04

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабы 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Жітіқара ауданының аумағында орналасқан жалпы ауданы 854,5282 гектар «Сарыобинское» жер учаскелеріне (Сарыобинское кен орны) 2027 жылғы 23 желтоқсанға дейінгі мерзімге «Джаркульское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Джаркульское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Әкімдіктің
2022 жылғы ____________
№ _____ қаулысына
қосымша
«Джаркульское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

1 1. Мүктікөл ауылдық округінің Тимирязев ауылының аумағында (елді мекеннің шегінен тыс) орналасқан, алаңы 87,9598 гектар жер учаскесі.

2 2. Степной ауылының аумағында (елді мекеннің шегінен тыс) орналасқан, алаңы 766,5684 гектар жер учаскесі.

Қолданыстағы