Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан в связи с исполнением им служебных обязанностей

Қаулы · № 1024 · қабылданған 19.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-175581/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан в связи с исполнением им служебных обязанностей Қолданыста Қаулы ·№ 1024 ·19.12.2022
19.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан в связи с исполнением им служебных обязанностей

Қолданыста Қаулы ·№ 1024 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан в связи с исполнением им служебных обязанностей
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1024
Қабылданған күні
19.12.2022
Көрсетілген редакция
19.12.2022 175581_622483.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001024
ЭКБ идентификаторы
175581
Редакция идентификаторы
175581_622483
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:57

0

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 69-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 69-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң (бұдан әрі – қызметкер) денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2

2. Қызметкердің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражатынан толық көлемде өтеледі, кейіннен бұл сома залал келтірген адамнан өндіріп алынады.

3 3. Осы Қағидаларға сәйкес залалды өтеу ретінде төленген сома Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес залал келтірген адамдардың есебінен өтелуге жатады.

2 2-тарау. Залалды өтеу тәртібі

5

5. Қызметкердің және (немесе) оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өзге адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан зардап шеккен деп танылғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімі қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу үшін негіздеме болып табылады.

6 6. Залалды өтеу үшін оны өтеуге құқығы бар адамдар Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына, азаматтық қорғау органына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі баянат (арыз);

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) теңгелік банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;

4 4) сот шешімінің көшірмесі;

5 5) залалды өтеуге құқығы бар адамның мүдделерін заңды өкіл білдірген жағдайда заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.

7 7. Залалды өтеу туралы баянатты (арызды) қарау мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды.

8 8. Өтелуге жататын залалдың мөлшері сот арқылы белгіленеді.

9

9. Залалды өтеу Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі басшысының не уәкілетті басшының бұйрығы негізінде бұйрық шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны өтеуге құқығы бар адамның банктік шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады.

10 10. Залал келтірген кінәлі адамның есебінен залал өтелген жағдайларда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі ақшалай төлемдерді жүргізбейді.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

11 11. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

12 12. Залалды өтеуден туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

____________________________________

1 Баянат (арыз)

Қазақстан Республикасының құқық
қорғау органы, азаматтық қорғау
органы, мемлекеттік фельдъегерлік
қызметі қызметкерiнiң денсаулығы
мен мүлкiне келтiрiлген залалды,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
құқық қорғау органы,
азаматтық қорғау органы, мемлекеттік
фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң
қызметтiк мiндеттерiн атқаруына
байланысты оның отбасы мүшелерi мен
жақын туыстарының денсаулығы мен
мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу
қағидаларына
қосымша
Кімге: ________________________________
(органның басшысына)
Кімнен:
___________________________________
(арыз берушінің Т.А.Ә. (бар болса)
________________________тұрады
тел: _________________________________
Баянат (арыз)
Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде _______________________________________
қызметтік міндеттерін атқаруына (арыз иесі үшін қызметкердің Т.А.Ә. (бар болса) және туыстық дәрежесі)
байланысты менің денсаулығыма және мүлкіме келтірілген залалды өтеу
бойынша ақшалай төлемдер жүргізуіңізді сұраймын.
Баянатқа (арызға) мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. ____________________________
2. ____________________________
3. ____________________________
4. ____________________________
Қолы _____________.
Күні _____ жылғы «___»____________.
_________________

Қолданыстағы