Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил подтверждения иностранцами и лицами без гражданства, претендующими на получение разрешений на постоянное проживание в Республике Казахстан, своей платежеспособности в период пребывания в Республике Казахстан

Қаулы · № 1185 · қабылданған 26.11.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17573/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил подтверждения иностранцами и лицами без гражданства, претендующими на получение разрешений на постоянное проживание в Республике Казахстан, своей платежеспособности в период пребывания в Республике Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1185 ·26.11.2003
01.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил подтверждения иностранцами и лицами без гражданства, претендующими на получение разрешений на постоянное проживание в Республике Казахстан, своей платежеспособности в период пребывания в Республике Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1185 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил подтверждения иностранцами и лицами без гражданства, претендующими на получение разрешений на постоянное проживание в Республике Казахстан, своей платежеспособности в период пребывания в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1185
Қабылданған күні
26.11.2003
Көрсетілген редакция
01.09.2023 17573_653392.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030001185_
ЭКБ идентификаторы
17573
Редакция идентификаторы
17573_653392
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:47

0 Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiн бекiту туралы

"Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңына сәйкес, уақытша келетiн шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттiгiн растау ережесi бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi өзiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қаулыға сәйкес келтiрсiн.

3. Осы қаулы жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.

4 Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау Ережесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2003 жы­л­ғы 26 қа­ра­ша­да­ғы
N 1185 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау Ережесі

1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау тәртібін айқындайды.

2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына заңнамада белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсатты алу туралы қолдаухатпен жүгiнген кезде өздерiнің төлем жасау қабiлеттiгiн растайды.

Өтінiш бiлдiрушi Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнiң төлем жасау қабiлеттігiн растау үшiн iшкi iстер органдарына мынадай:

1) тұрақты тұруға қалдыру туралы қолдаухат берілген күнге белгіленген бiр мың үш жүз жиырма еселенген ең төменгi есептiк көрсеткiш баламасына тең немесе одан асатын;

2) өтiнiш бiлдiрушi тұруға ниет бiлдiрген елдi мекеннен бiр отбасы мүшесiне есептегенде 15 шаршы метрлі тұрғын үй сатып алуға жеткiлiктi сомада банктiк шотта (шоттарда) ақшасының болуы туралы банк басқармасы төрағасының немесе банктiң уәкiлеттi тұлғасының қолы қойылған Қазақстан Республикасының резидентi-банктiң құжатын ұсынады.
Соманың мөлшерi сол елдi мекендегi тұрғын үйдiң орташа нарықтық құнына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды тіркеудi жүзеге асыратын тиiстi уәкiлеттi орган берген құжаттың негiзiнде белгiленедi.
Өтiнiш берушiге тұрғын үй беру туралы жеке немесе заңды тұлғамен шарт болған кезде, тұрғын үй сатып алу үшiн ақшасының болуы туралы банктiң құжаты талап етiлмейдi.

3. Төлем қабілеттілігін растайтын ұсынылған құжаттарды шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жазбаша келісімімен ішкі істер органдары төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжатты берген банк мекемесіне осы Ережеге қосымшаға сәйкес сұрау жіберу жолымен түпнұсқалық тұрғысынан тексереді.

10 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да

тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат­тар алу­ға
үмiт­кер ше­тел­дік­тер­дің және
аза­мат­тығы жоқ адам­дар­дың
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да бо­лу
ке­зеңiн­де өздерiнiң тө­лем жа­сау
қа­бiлет­ті­гін рас­тау ере­же­сiне
қо­сым­ша
__________________________________
(банк мекемесінің атауы)
__________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, паспорттық деректерін
көрсету)
20__ж. "___" ____________ шығыс № ___________________ хатпен берілген
шетелдіктің (азаматтығы жоқ адамның) банк шотының бар-жоғын растайтын
құжаттың түпнұсқалығы туралы ақпаратты хабарлауды сұраймын.
Ақпарат сұраған:
_____________________________
_____________________________
(ішкі істер органы басшысының
лауазымы, тегі, аты-жөні) ___________________________
(лауазымды адамның қолы)
_________________________________________________ ішкі істер органына
(шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның тегі, аты,
әкесінің аты)
ақпарат беруге келісемін.
___________________ _____________________
(қолы) (күні)

Қолданыстағы