Об утверждении Инструкции о требованиях, предъявляемых к заявителю, и перечне документов, прилагаемых к заявлению о выдаче лицензии на проведение аудита банков, страховых (перестраховочных) организаций и накопительных пенсионных фондов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы ----------------Қаулыдан үзінді------------------- Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне актуарлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы N 139-III Заңына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасында көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi...
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 117 қаулысының қосымшасы Күшi жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар және банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 384 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2579 тiркелген, 2003 жылы "Казахстанская правда" газетiнiң N 355-356 жарияланған)... ----------------------------------- Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін лицензиялауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулық (осы қаулының 1-қосымшасы) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарына  жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы
Басқа 13. Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 384 Қаулысына 1-қосымша Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы ", " Сақтандыру қызметі туралы ", Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру  туралы, " Аудиторлық қызмет туралы ", " Лицензиялау туралы " Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өтініш берушіге қоятын талаптарын және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін белгілейді.
Тармақ 2
2. Лицензияларды бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде айқындалатын лицензиялық алымдар алынады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, қайтарылып алынған лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
Тармақ 4
4. Лицензиялар осы Нұсқаулықтың 1, 2, 2-1-қосымшаларына сәйкес беріледі.
Тармақ 5
5. Лицензия беру, беруден бас тарту, қолдануды тоқтата тұру және қайтарып алу туралы рұқсатты уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.
Тарау 2. 2-тарау. Өтініш берушіге қойылатын талаптар және лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі
2-тарау. Өтініш берушіге қойылатын талаптар және лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі
Тармақ 6
6. Аудиторлық ұйым лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 4
4) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) құрылтай құжаттарының барлық өзгерістерімен және қосымшаларымен бірге оларға әділет органдарының белгісі қойылған нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 6
6) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі берген лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін;
Тармақша 7
7) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аудиторлық ұйымның басшысы (оның орынбасарлары) туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) осы Нұсқаулықтың тиісінше 9, 10 және 10-1-тармақшаларындағы талаптардың орындалуын растайтын мәліметтер;
Тармақша 9
9) аудиторлық ұйымның құрамына кіретін және уәкілетті органның лицензиясы бар аудиторлар туралы мәліметтер.
Тармақ 7
7. Лицензия алу үшін аудитор мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) аудитордың Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген біліктілік куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 4
4) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 5
5) уәкілетті органда тесттен өтудің оң нәтижелерін растайтын құжаттар;
Тармақша 6
6) жоғары экономикалық немесе математикалық білімді растайтын білім туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі не осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша аудиторлық немесе қаржы ұйымдарында соңғы бес жылда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган лицензияны осы Нұсқаулықта көзделген қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күндік мерзімнен кешіктірмей береді.
Тармақ 9
9. Аудиторлық ұйымның құрамында банктердің аудитін жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар кемінде екі аудитор болған кезде оған банктердің аудитін жүргізуге лицензия беріледі.
Тармақ 10
10. Аудиторлық ұйымның құрамында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар кемінде екі аудитор болған кезде оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның аудитін жүргізуге лицензия беріледі.
Тармақ 10-1
10-1. Аудиторлық ұйымның құрамында жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар кемінде екі аудитор болған кезде оған жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беріледі.
Тармақ 11
11. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия аудиторға уәкілетті органда тесттен өткеннен кейін беріледі.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге тестілеу компьютерлік сұрау нысанында аудитордың тест сұрақтарына ұсынылған жауаптарының бірін таңдау арқылы жүзеге асырылады. Тест сұрақтарын уәкілетті органның Төрағасы немесе Төрағаның орынбасары бекітеді және біреуі дұрыс болып табылатын жауаптардың кемінде үш нұсқасы болуы тиіс.
Тармақ 12-1
12-1. Аудитор тестілеуге келмей қалған жағдайда, ол уәкілетті органға оның болмай қалу себептері туралы тестілеуді өткізу күніне дейін екі күн бұрын хабардар етуге тиіс.
Тармақ 13
13. Тесттен өткізу кезінде қандай да болмасын жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды қолдануға жол берілмейді. Осы тармақта жазылған талаптарды бұзу тесттен өткізудің теріс нәтижесіне теңестіріледі. Қажет болған кезде уәкілетті орган алдын ала жазбаша өтінім бойынша тесттен өтінушінің қарамағына мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерін меңгерген аудармашы ұсынады.
Тармақ 14
14. Егер аудитордың тест сұрақтарына дұрыс жауаптары жетпіс және одан көп процентті құраса, тесттен өткізу нәтижесі оң болып танылады.
Тармақ 14-1
14-1. Лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде бір айдан кейін, бірақ жылына үш реттен артық емес қайталап тестілеуді өткізуге рұқсат беріледі.
Тармақ 15
15. Мынадай негіздердің кез келгені бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) өтініш беруші жататын субъектілердің санаттары үшін аудиторлық қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заң актілерімен тыйым салынса;
Тармақша 2
2) өтініш беруші осы Нұсқаулыққа сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынбаса;
Тармақша 3
3) лицензиялық алым төленбесе;
Тармақша 4
4) өтініш берушіге қатысты оған аудиторлық қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын соттың шешімі болса.
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір апта мерзімде өтініш берушіге лицензия беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 17
17. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 17-1
17-1. Аудиторлық ұйымдар және аудиторлар он күндік мерзімде осы Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көзделген лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттардағы өзгерістер жөнінде уәкілетті органды хабардар етеді.
Басқа 57. Уәкілетті орган
Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулыққа 1-қосымша Уәкілетті орган (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкте басылады) Банктердің аудитін жүргізуге Лицензия лицензияның нөмірі _______ ________________________________________________________________ (аудиторлық ұйымның толық атауы не аудитордың аты-жөні) _________________________________________________________ берілді. Аудиторлық ұйымның орналасқан жері (Аудитордың тұрғылықты жері) ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Лицензия берілген күн 2003 жылғы "__" _________. Төраға (Төрағаның орынбасары) Қолы Мөр орны Алматы қ.
Басқа 58. Уәкілетті орган
Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулыққа 2-қосымша Уәкілетті орган (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкте басылады) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитін жүргізуге Лицензия лицензияның нөмірі _________ ________________________________________________________________ (аудиторлық ұйымның толық атауы не аудитордың аты-жөні) _________________________________________________________ берілді. Аудиторлық ұйымның орналасқан жері (Аудитордың тұрғылықты жері) ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Лицензия берілген күн 2003 жылғы "__" _________. Төраға (Төрағаның орынбасары) Қолы Мөр орны Алматы қ.
Басқа 59. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге ЛИЦЕНЗИЯ
Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулыққа 2-1-қосымша Уәкілетті орган (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкте басылады) Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге ЛИЦЕНЗИЯ лицензияның нөмірі ____________ __________________________________________________________________ (аудиторлық ұйымның толық атауы не аудитордың аты-жөні) _________________________________________________________ берілді. Аудиторлық ұйымның орналасқан жері (Аудитордың тұрғылықты жері) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Лицензия берілген күн 200__ жылғы "__" _________. Төраға (Төрағаның орынбасары) Қолы ______________ Мөр орны Алматы қаласы
Басқа 60. Құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер
Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулыққа 3-қосымша Құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер _______________________________________________________________ (аудиторлық ұйымның толық атауы)
Тармақ 1
1. Құрылтайшы ___________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы; жеке тұлғаның аты-жөні)
Тармақ 2
2. Орналасқан жері (тұрғылықты жері) ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ (почта индексі және мекен-жайы, телефоны, факсы)
Тармақ 3
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ (құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, кім берген)
Тармақ 4
4. Заңды тұлға қызметінің түрі _________________________________ ________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының резиденті болып табыла ма (резидент емес үшін қандай елдің резиденті болып табылатынын көрсету керек) ________________________________________________________________
Тармақ 6
6. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының иелігінде және/немесе пайдала. нуында және/немесе иеленуінде акциялардың (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) болуы туралы мәліметтер: ________________________________________________________________ (толық атауы және тіркеліп орналасқан жері) ________________________________________________________________ (қызметінің негізгі түрлері) ________________________________________________________________ әрбір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі (10% астам)) ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ (заңды тұлға басшысының қолы) заңды тұлғаның мөрі
Басқа 67. Аудиторлық ұйымның басшысы (оның орынбасарлары) туралы мәліметтер
Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулыққа 4-қосымша Аудиторлық ұйымның басшысы (оның орынбасарлары) туралы мәліметтер ________________________________________________________________ (аты-жөні) ________________________________________________________________ (аудиторлық ұйымның атауы) _________________________________________________________________ Туған күні Білімі               Жоғары, орта арнаулы оқу орнының атауы, мамандығы, аяқтаған жылы, біліктілігін арттыру курстары, курстардың тақырыптары, өткен уақыты (құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса беру керек) _________________________________________________________________ қаржы саласындағы, аудиторлық ұйымдағы жұмыс стажы _________________________________________________________________ Еңбек қызметі туралы мәліметтер: _________________________________________________________________ N      Жұмыс кезеңі (ай, жыл)   Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы _________________________________________________________________ 1 _________________________________________________________________ 2 _________________________________________________________________ 3 _________________________________________________________________ Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тікелей немесе жанама иелігіндегі және/немесе пайдалануындағы және/немесе иеленуіндегі акциялар (жарғылық капиталына қатысу үлестері) туралы мәліметтер: _________________________________________________________________ N  Атауы және       Заңды тұлға қызметінің     Сомасы және сіздің орналасқан жері        түрлері               қатысу үлесіңіз _________________________________________________________________ 1 _________________________________________________________________ 2 _________________________________________________________________ 3 _________________________________________________________________ Сізде заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығыңыз бар ма  - иә/жоқ Сіз банктік, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне байланысты құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба - иә/жоқ Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат (қалауы бойынша толтырылады) ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ (заңды тұлға басшысының қолы) ________________________________________________________________ заңды тұлғаның мөрі
Басқа 68
Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулыққа 5-қосымша Мен _______________________________________________________ (аты-жөні) _________________________________________________________________ (аудиторлық ұйымның атауы) _________________________________________________________________ Туған күні Білімі               Жоғары, орта арнаулы оқу орнының атауы, мамандығы, аяқтаған жылы, біліктілігін арттыру курстары, курстардың тақырыптары, өткен уақыты (құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса беру керек) _________________________________________________________________ қаржы саласындағы, аудиторлық ұйымдағы жұмыс стажы _________________________________________________________________ Еңбек қызметі туралы мәліметтер: _________________________________________________________________ N      Жұмыс кезеңі (ай, жыл)   Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы _________________________________________________________________ 1 _________________________________________________________________ 2 _________________________________________________________________ 3 _________________________________________________________________ Сізде заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығыңыз бар ма  - иә/жоқ Сіз банктік, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба - иә/жоқ Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат (қалауы бойынша толтырылады) ___________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ Аудитордың қолы ________________________________________________
Басқа 69. Күшi жойылды деп танылған нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар және банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 384 қаулысына 2-қосымша Күшi жойылды деп танылған нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесі
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия беру, жою және уәкiлеттi аудиторларға қойылатын талаптар туралы ереже жөнiнде" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 49  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 441 тiркелген, 1996 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында N 10 (26) жарияланған);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия беру, жою және уәкiлеттi аудиторларға қойылатын талаптар туралы ережеге толықтыру енгiзу жөнiнде" 1997 жылғы 24 қаңтардағы N 24 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 441 тiркелген, 1996 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында N 10 (26) жарияланған);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктiк аудиттi ұйымдастыру бойынша курстар жүргiзу, сондай-ақ банктiк қызметке аудит жүргiзуге арналған лицензия алуға үмiткерлердi сынақтан өткiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 25 маусымдағы N 142  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 876 тiркелген);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн бeкiтy туралы" 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 93  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1581 тiркелген, 2001 жылғы 16-29 шiлдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында N 15 (212) жарияланған).