Құжат мәтініне өту

Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Ереже · № 2-8 · қабылданған 21.11.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17596/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Күшін жойған Ереже ·№ 2-8 ·21.11.2003
24.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған Ереже ·№ 2-8 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2-8
Қабылданған күні
21.11.2003
Көрсетілген редакция
24.06.2020 · қолданыстағы 17596_468242.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03GB001153
ЭКБ идентификаторы
17596
Редакция идентификаторы
17596_468242
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:48

0 Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін

бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 11-тармағына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесі бекітілсін (қоса беріледі).

1 Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы ЕРЕЖЕ

Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы
21 қарашадағы кезекті ІІ-сессиясының
"Аудандағы тұрмысы кедейшілік
шегінен төмен отбасыларына коммуналдық
қызметтерді тұтынуға берілетін бір
жолғы материалдық көмек көрсету
Ережесін бекіту туралы"
№ 2-8 шешіміне қосымша
Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңын және 1999 жылғы 16 қарашадағы оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу тәртібін белгілейді.

1 1. Тұрмысы төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету тәртібі

1 1. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы ауыл әкімдері жанынан құрылған арнайы комиссия қорытындысы бойынша төленеді.

2 2. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек тұрмысы төмен отбасыларына жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен аспайтын жағдайда беріледі.

3 3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ұсынылған тізім бойынша коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көлемін анықтайды және аудандық қаржы басқармасына қаржы бөлу жөнінде сұраныс дайындайды.

2 2. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек мөлшері

4 4. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек мөлшері тұрмысы төмен әр отбасына үш еселенген есептік көрсеткіш көлемінде төленеді.

3 3. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмекті төлеу тәртібі

5 5. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек аудандық бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана жүзеге асырылады.

6 6. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмекті төлеу екінші деңгейдегі банк арқылы жүзеге асырылады.

Қолданыстағы