О координационно-методическом Совете по правовой пропаганде и правовому всеобучу при акимате района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О координационно-методическом Совете по правовой пропаганде и правовому всеобучу при акимате района
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігі жанынан құқықтық насихаттау және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 199
- Қабылданған күні
- 10.11.2003
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2011 17601_215982.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03SM001061
- ЭКБ идентификаторы
- 17601
- Редакция идентификаторы
- 17601_215982
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:49
0 Аудан әкімдігі жанынан құқықтық насихаттау және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"Заңының 31-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" N 2347 қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан әкiмдiгi жанынан құқықтық насихаттау және жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк Кеңесi құрылсын.
2 2. Аудан әкiмдiгi жанынан құқықтық насихаттау және жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк Кеңесi туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3 3. Кеңестiң жеке құрамы заңнамада белгiленген тәртiпте аудандық мәслихаттың бекiтуiне ұсынылсын.
4 4. Аудан әкімдігінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 178 қаулысы күшін жойды деп есептелсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Ә. Әмiржановқа жүктелсiн.
6 Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 10 қарашадағы
"Аудан әкiмдiгi жанынан құқықтық
насихаттау және жалпыға бiрдей
құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-
әдiстемелiк Кеңесi туралы"
N 199 қаулысымен бекітілген
Аудан әкiмдiгi жанынан құқықтық насихаттау және жалпыға бiрдей
құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк Кеңесiнің
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1.1
1.1. Үйлестiру-әдiстемелiк Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 маусымдағы N 2347 "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында құрылады: құқықтық оқу жөнiнде мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң жұмысын үйлестiру органы болып табылады.
1.2 1.2. Кеңес аудан әкiмдiгi жанынан құрылады.
1.3 1.3. Өз қызметiнде Кеңес Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнаманы және осы Ереженi басшылыққа алады.
2 2. Кеңестiң мақсаттары мен мiндеттерi
2.1 2.1. Кеңес қызметiнiң мақсаттары:
азаматтардың құқықтық бiлiм деңгейiн арттыру, тұрғындардың құқықтық мәдениеттерiн жүзеге асыруға маманды заңгерлердi тарту;
тұрғындардың құқықтық мәдениеттерiн арттыру;
мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң құқық тәрбиелеу жұмысын үйлестiру.
2.2 2.2. Кеңес қызметiнiң мiндеттерi:
мекемелерде, ұйымдарда, кәсiпорындарда құқық тәрбиелеу және құқықтық насихаттау жағдайын зерделеу және олардың қорытындысы бойынша ұсыныс дайындау;
оңтайлы тәжiрибенi тарату, құқық тәрбиелеу жұмысын жетiлдiру бойынша әдiстемелiктер дайындау, азаматтардың құқықтық тәрбиесiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету.
3 3. Кеңес қызметiнiң нысандары
3.1 3.1. Кеңес қызметiнiң нысандары:
құқықтық бiлiм "күндерiн", "апталықтарын", "айлықтарын" өткiзу;
оқу және еңбек ұжымдарында құқық қорғау органдарының жұмысшыларының қатысуымен құқық тақырыптарына (дөңгелек столдар, пiкiр-сайыстар, кездесулер) әр түрлi шаралар ұйымдастыру;
тұрғындарды құқықтық насихаттау және құқықтық тәрбиелеу сұрақтары жөнiнде ғылыми-практикалық конференциялар өткiзу;
жалпыға бiрдей құқықтық оқуды және құқық тәрбиелеу жұмысын өздiк ұйымдастыру конкурсының жағдайын дайындау және бекiту.