Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к членам территориальных избирательных комиссий

Қаулы · № 129/624 · қабылданған 26.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-176109/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к членам территориальных избирательных комиссий Қолданыста Қаулы ·№ 129/624 ·26.12.2022
26.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к членам территориальных избирательных комиссий

Қолданыста Қаулы ·№ 129/624 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к членам территориальных избирательных комиссий
Атауы (қаз.)
Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
129/624
Қабылданған күні
26.12.2022
Көрсетілген редакция
26.12.2022 176109_609471.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200031263
ЭКБ идентификаторы
176109
Редакция идентификаторы
176109_609471
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:32

0 Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын

біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 10-бабының 3-тармағына, 12-бабының 16-13) тармақшасына, 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

4 4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

1 Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау
комиссиясының Төрағасы
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 129/624 Қаулыға
қосымша
Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне
қойылатын біліктілік талаптары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын осы біліктілік талаптары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленеді.

2 2. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) білім деңгейіне;

2 2) мемлекеттік ұйымдардағы, мекемелердегі, үкіметтік емес ұйымдардағы жұмыс өтіліне және (немесе) Қазақстан Республикасының сайлау органдарындағы жұмыс тәжірибесіне;

3

3) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы тексерілетін Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуден тұратын, кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті құзыреттерге қойылатын талаптарды қамтиды.

2 2-тарау. Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары

3 3. Аумақтық сайлау комиссиясының мүшесіне қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты мүше үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында екі жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

2 2) сайлау комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты мүше үшін:

жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

3 3) сайлау комиссиясының қызметін қаржылық сүйемелдеу мәселелеріне жауапты мүше үшін:

жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде қаржы қызметін ұйымдастыру саласында мамандығы бойынша үш жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

4 4) сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру саласындағы жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету, сайлау ұйымдастырушыларын және сайлау процесінің басқа қатысушыларын оқыту мәселеріне жауапты мүше үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде білім беру саласындағы мемлекеттік органдардағы басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

5 5) сайлау комиссиясының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты мүше үшін:

жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

6 6) сайлау комиссиясының қызметін IT-сүйемелдеу мәселелеріне жауапты мүше үшін:

орта білімнен кейінгі, жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

7 7) сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедек адамдарға жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты мүше үшін:

жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Қолданыстағы