Қолданыстағы ред. 29.10.2003

Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы от 29.10.2003 г. № 166 (Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы)

0

Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 тамыздағы № 883 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" қаулысы негізінде аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын және аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.

2

2. Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия ережесі бекітілсін (жалғанды).

3

3. Аудан әкімінің 1999 жылдың 6 қыркүйегіндегі "Аудан әкімі жанындағы шағын және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиясы туралы" № 197 шешімі жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын өз бақылауыма аламын.

5. Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ

Тасқала ауданы әкімиятының
2003 жылғы 29 қазандағы
№ 166 қаулысымен бекітілген
Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта
бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия консультативтік-кеңес органы болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің "Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында құрылды.

2

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституция мен "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес саласындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

3

3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1

1) "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына жәрдемдесу;

2

2) кредит ресурстарына қол жеткізуді жеңілдету жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөнінде ұсынымдар даярлау;

3

3) меншікті және активтерді жария ету мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;

4

4) ауылда шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5

5) кәсіпкерлердің қоғамдық ұғымдарының сындарлы бастамаларын қолдау, әрбір кәсіпкердің әл-ауқатын арттырудағы белсенді өміршең ұстанымын насихаттау;

6

6) шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғау жөніндегі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, үйлестіруге және іске асыруға жәрдемдесу.

4

4. Комиссияның оған жүктелген міндеттерге сәйкес негізгі функциялары мыналар болып табылады:

1

1) шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың аймақтық және салалық бағдарламаларын әзірлеуге, үйлестіру мен іске асыруды қамтамасыз етуге қатысу;

2

2) аймақтың өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды іске асыруға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тарта отырып, оларды әзірлеуге қатысу;

3

3) шағын және орта бизнес саласында келісілген шешімдер шығару және қолдауды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

4

4) заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлердің мүдделерін білдіру және заңды құқықтарын қорғау.

3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

5

5. Комиссияны төраға - аудан әкімінің орынбасары басқарады.

6

6. Комиссияның жұмыс органының функциялары аудан әкімі аппаратының экономика құрылыс және инфрақұрылым бөліміне жүктеледі.

7

7. Комиссия жұмыс органы:

1

1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

2

2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;

3

3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.

8

8. Комиссияның отырыстарында қарау үшін мәселелер тізбесі қажеттігіне қарай жасалады және оны төраға бекітеді.

9

9. Бекітілген тізбе Комиссия мүшелеріне тізім бойынша таратылады.

10

10. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған төраға қол қояды. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

11

11. Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сирек емес жүргізіледі және оларды төраға шақырады. Шұғыл шешім қабылдау қажет жағдайларда, төрағаның шақырумен Комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.

12

12. Төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның отырыстарында сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, өтініштері қаралатын кәсіпкерлер қатысуы мүмкін.