Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 тамыздағы № 883 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" қаулысы негізінде аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын және аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия ережесі бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Аудан әкімінің 1999 жылдың 6 қыркүйегіндегі "Аудан әкімі жанындағы шағын және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиясы туралы" № 197 шешімі жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын өз бақылауыма аламын.
Басқа 5. Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тасқала ауданы әкімиятының 2003 жылғы 29 қазандағы № 166 қаулысымен бекітілген Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудан әкімияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия консультативтік-кеңес органы болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің "Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституция мен "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес саласындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) кредит ресурстарына қол жеткізуді жеңілдету жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөнінде ұсынымдар даярлау;
Тармақша 3
3) меншікті және активтерді жария ету мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) ауылда шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлердің қоғамдық ұғымдарының сындарлы бастамаларын қолдау, әрбір кәсіпкердің әл-ауқатын арттырудағы белсенді өміршең ұстанымын насихаттау;
Тармақша 6
6) шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғау жөніндегі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, үйлестіруге және іске асыруға жәрдемдесу.
Тармақ 4
4. Комиссияның оған жүктелген міндеттерге сәйкес негізгі функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың аймақтық және салалық бағдарламаларын әзірлеуге, үйлестіру мен іске асыруды қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 2
2) аймақтың өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды іске асыруға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тарта отырып, оларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 3
3) шағын және орта бизнес саласында келісілген шешімдер шығару және қолдауды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлердің мүдделерін білдіру және заңды құқықтарын қорғау.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссияны төраға - аудан әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 6
6. Комиссияның жұмыс органының функциялары аудан әкімі аппаратының экономика құрылыс және инфрақұрылым бөліміне жүктеледі.
Тармақ 7
7. Комиссия жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
Тармақша 3
3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
Тармақ 8
8. Комиссияның отырыстарында қарау үшін мәселелер тізбесі қажеттігіне қарай жасалады және оны төраға бекітеді.
Тармақ 9
9. Бекітілген тізбе Комиссия мүшелеріне тізім бойынша таратылады.
Тармақ 10
10. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған төраға қол қояды. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сирек емес жүргізіледі және оларды төраға шақырады. Шұғыл шешім қабылдау қажет жағдайларда, төрағаның шақырумен Комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.
Тармақ 12
12. Төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның отырыстарында сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, өтініштері қаралатын кәсіпкерлер қатысуы мүмкін.