Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в Ордабасинском районе

Өзге акт · № 33/2 · қабылданған 23.12.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-176221/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в Ордабасинском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 33/2 ·23.12.2022
19.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в Ордабасинском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 33/2 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в Ордабасинском районе
Атауы (қаз.)
Ордабасы ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33/2
Қабылданған күні
23.12.2022
Көрсетілген редакция
19.02.2024 176221_684816.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22UH031277
ЭКБ идентификаторы
176221
Редакция идентификаторы
176221_684816
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:46

0 Ордабасы ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Ордабасы ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Ордабасы ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

2022 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 33/2 шешіміне қосымша
Ордабасы ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Ордабасы ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

1 1) әлеуметтік көмек түрінде, бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1000000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде;

2 2) әлеуметтік қолдау түрінде, бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1000000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.

Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1000000 (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.

2 2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

1 1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;

2

2) «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18445 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, еңбек жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар».

Қолданыстағы