Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О передаче государственных долей участия некоторых товариществ с ограниченной ответственностью в оплату акций акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»

Қаулы · № 1033 · қабылданған 20.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-176428/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О передаче государственных долей участия некоторых товариществ с ограниченной ответственностью в оплату акций акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» Қолданыста 20.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О передаче государственных долей участия некоторых товариществ с ограниченной ответственностью в оплату акций акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»

Қолданыста Қаулы № 1033 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О передаче государственных долей участия некоторых товариществ с ограниченной ответственностью в оплату акций акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Атауы (қаз.)
Кейбір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1033
Қабылданған күні
20.12.2022
Көрсетілген редакция
20.12.2022 176428_618725.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001033
ЭКБ идентификаторы
176428
Редакция идентификаторы
176428_618725
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:55
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кейбір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1 және 3-тармақтарына, 187-бабының 2-тармағына, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «АЭС Өскемен ГЭС» және «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік қатысу үлестері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысын алған жағдайда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика, Ұлттық экономика министрліктері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 165-18, 165-19-жолдар алып тасталсын.

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген, иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
реттік нөмірлері 217-17, 217-18-жолдар алып тасталсын.

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 6, 7-жолдар алып тасталсын.
____________________________