Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах государственной собственности

Қаулы · № 1046 · қабылданған 21.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-176436/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О некоторых вопросах государственной собственности Қолданыста Қаулы ·№ 1046 ·21.12.2022
21.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах государственной собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 1046 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах государственной собственности
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1046
Қабылданған күні
21.12.2022
Көрсетілген редакция
21.12.2022 176436_618314.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001046
ЭКБ идентификаторы
176436
Редакция идентификаторы
176436_618314
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:54

0 Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Сейсмология институты» және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын

«Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2

2. Сейсмикалық қауіпті бағалау, күшті жер сілкіністерін ғылыми болжау, ірі елді мекендер мен стратегиялық объектілерде сейсмикалық тәуекелді бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аумақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізу серіктестік қызметінің негізгі түрлері болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) серіктестіктің жарғылық капиталын қайта ұйымдастырылатын «Сейсмология институты» және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мүлкінің құны есебінен қалыптастыруды;

2 2) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;

3 3) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;

4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-153-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«123-153. «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС.»;
реттік нөмірі 123-154-жол алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 295-11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«295-11. «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС.»;
реттік нөмірі 295-12-жол алып тасталсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1. «Қызылорда теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
____________________________

Қолданыстағы