Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах государственной собственности

Қаулы · № 1046 · қабылданған 21.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-176436/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О некоторых вопросах государственной собственности Қолданыста 21.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах государственной собственности

Қолданыста Қаулы № 1046 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах государственной собственности
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1046
Қабылданған күні
21.12.2022
Көрсетілген редакция
21.12.2022 176436_618314.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001046
ЭКБ идентификаторы
176436
Редакция идентификаторы
176436_618314
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:54
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сейсмология институты» және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын

«Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Сейсмикалық қауіпті бағалау, күшті жер сілкіністерін ғылыми болжау, ірі елді мекендер мен стратегиялық объектілерде сейсмикалық тәуекелді бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аумақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізу серіктестік қызметінің негізгі түрлері болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) серіктестіктің жарғылық капиталын қайта ұйымдастырылатын «Сейсмология институты» және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мүлкінің құны есебінен қалыптастыруды;

2) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;

3) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-153-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«123-153. «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС.»;
реттік нөмірі 123-154-жол алып тасталсын.

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 295-11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«295-11. «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС.»;
реттік нөмірі 295-12-жол алып тасталсын.

3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1. «Қызылорда теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
____________________________