Құжат мәтініне өту

Об установлении размера и утверждении Правил выплаты ежемесячной пожизненной стипендии академику Национальной академии наук Республики Казахстан, достигшему пенсионного возраста

Қаулы · № 1122 · қабылданған 30.12.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-176612/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об установлении размера и утверждении Правил выплаты ежемесячной пожизненной стипендии академику Национальной академии наук Республики Казахстан, достигшему пенсионного возраста Күшін жойған Қаулы ·№ 1122 ·30.12.2022
27.09.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера и утверждении Правил выплаты ежемесячной пожизненной стипендии академику Национальной академии наук Республики Казахстан, достигшему пенсионного возраста

Күшін жойған Қаулы ·№ 1122 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера и утверждении Правил выплаты ежемесячной пожизненной стипендии академику Национальной академии наук Республики Казахстан, достигшему пенсионного возраста
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1122
Қабылданған күні
30.12.2022
Көрсетілген редакция
27.09.2024 176612_721666.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001122
ЭКБ идентификаторы
176612
Редакция идентификаторы
176612_721666
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:57

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту туралы

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары бекітілсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (бұдан әрі – ҰҒА) зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияны белгілеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі –ғылым саласында зор жетістіктері бар, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда ҰҒА сайлайтын ғалым.

3 3. Өмір бойғы ай сайынғы стипендия (бұдан әрі – стипендия) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ҰҒА академигіне белгіленеді.

4 4. Уәкілетті орган:

1 1) стипендия төлеуді қаржылай қамтамасыз етуді;

2 2) стипендияның төленуін есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

5 5. Стипендия алуға үміткер ҰҒА академигі ҰҒА-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) еркін нысанда стипендияны төлеуге өтініш;

2 2) ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);

3 3) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);

4 4) екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банк анықтамасы.

6 6. Үміткер осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҰҒА оларды қарау үшін уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды, мақұлдайды не оны қайтарады. Мақұлдаған жағдайда уәкілетті орган стипендия тағайындау туралы тиісті бұйрық шығарады, онда төлем мерзімі басталатын күн көрсетіледі, бас тартылған жағдайда ҰҒА-ға бас тарту себептері көрсетілген хат жібереді.

7 7. Стипендияны уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейін осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ағымдағы шотқа аудару жолымен төлейді.

8 8. Уәкілетті орган стипендия тағайындаудан өтінішке құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған не анық емес ақпарат ұсынылған жағдайда бас тартады.

9 9. Стипендия төлеу:

1 1) ҰҒА академигі қайтыс болған (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);

2 2) ҰҒА академигі хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған;

3 3) ҰҒА құрамынан шығарылған (ҰҒА төралқасы отырысының хаттамасынан үзінді);

4 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.

10 10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жағдайлардың бірі орын алған кезде ҰҒА ақпарат алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органды стипендия төлеуді тоқтату қажеттігі туралы негіздемесін көрсете отырып жазбаша хабардар етеді.

11 11. Хабарламаны алған кезде уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде тиісті бұйрық шығарады және стипендия төлеуді тоқтатады.

_____________________

Қолданыстағы